ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін бар әлемге паш етіп, мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесіне айналыған мемлекеттік Рәміздеріміз бойына бар болмысымызды сыйғызып, тарихымызды көрсетіп тұр. 4 маусым күні қабылданған мемлекеттік нышандарымызға биыл 25 жыл толып отыр. Өткен аптада ауданымызда Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттерін ұлықтаған аталмыш мереке абыроймен аталып өтті. Еліміздің айбарын асырып, мерейін асқақтатып атқан арайлы күннің ширек ғасырлық мерейтойына арналған шараға куә болмақ ниеттегі тұрғындар орталық алаңда бас қосты.

 

 

Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлерінен құралған оркестрдің орындауындағы күмбірлеген күймен ашылған шара салтанатты түрде жалғасын тапты. Көкпекті аудандық кадет мектебінің сарбаздары көтерген мемлекеттік Тудың жел ырғағымен тәуелсіз еліміздің көк аспанында баяу желбіреп тұрған көрінісінен ерекше сезім алған көрермендер Әнұранымызды қосыла шырқалды. Бұл тұс ұлттық рухымыздың мәртебесі тасып, патриоттық сезімдердің жүректерді кернеген сәті болды. Туды көтеру құрметіне кадет мектебінің оқушысы, NOMAD MMА бойынша чемпионаттың күміс жүлдегері Елдар Ермеков ие болды. Көкпекті ауылының мектеп оқушылары дайындаған патриоттық флеш-моб та көпшіліктің көңілінен шықты. Аталмыш шараның кемшіліксіз, өз биігінде өткізілуін қамтамасыз еткен ұйымдастырушылар Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі мен Жастар орталығы болып табылады.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов барша халықты аудан әкімінің атынан мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекемен құттықтай келе, біздің алға ұмтылуымыздың негізгі күші бірлігімізде екенін айтты. «Біздің мемлекеттік нышандарымыз – бірлігіміз бен біртұтастығымыздың айғағы. Елдігіміз бен егемендігіміздің тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен мемлекетіміз жеткен биіктер аз емес. Сол биіктерге жетелеген халқымыздың бірлігі қашан да ел үшін де, біздің ауданымыз үшін де маңызды болып табылады» деді Марат Қапарұлы. Сонымен қатар, жерлестерді атаулы күнмен аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов және мәслихат депутаты, ауданның белсенді азаматтарының бірі Д.Дюсембаев құттықтады.

Кемеңгерлік пен баһадүрлікті бойына қатар сый        ғызған қазақ халқы қай уақытта болмасын даралығымен ерекшеленген. Бағзы заманда елім деп еміренген ерлердің екпінін тұлпар үстінде отырып азаттық туын тік ұстаған айбындарынан аңдайтын. Қазіргі таңда да бұл дәстүр заман ағымының өзгерісіне ұшырағаны болмаса қатардан қалмағанын дәлелдеді келесі шара. Мерекеге атсалыушылар тізгіндеген бірыңғай ақ түсті 25 темір тұлпар көк байрағымызды желбіретіп, Көкпекті ауылының көшелерінде автошеру ұйымдастырды. Шеруді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәлім алушылары патриоттық марафонмен жалғастырды. Шара соңында барлық қатысушылардың куә болуымен ауданымыздың кіре беріс қақпасына Ту ілінді. Өз тұғырына орнап, бір қалыппен көкке көтеріліп бара жатқан тумен бірге ұлттық рухымыз да жоғарылай түсті.

Патриоттық іс-шаралар легі бұнымен де аяқталған жоқ. Ауданымыздың негізгі қуат күшін құрайтын жастар тобы ауданның төлқұжатына айналған Толағай тауына бет алды. Мақсаттары – тау шыңына да Туымызды көтеру. Толағайдың биігін бірге бағындырған ұйымшыл жастар қатарында аудандық Жастар орталығы, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары және «Көкпекті жастары» патриоттық ұйымының жастары болды.

Сонымен қатар, аудан жастары арасында шағын футбол және волейбол ойындарынан жарыс өткізілді. Шағын футболдан алаң ішінде ала допты асықша атқан 7 команда өзара бәйгеге түсті. 1 орын ауданды ІІБ ойыншыларының еншісіне бұйырса, 2 орынды «58 өрт сөндіру бөлімшесі», 3 орынды KMF командасы иеленді. Ал волейбол ойындарынан Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің командасы 1 орынға ие болды.

«Мен біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерінің төл құрдасы болғаныммен мақтанамын. 25 жыл бұрын еліміз еңсесін тіктеп, егемендігіміздің басты нышандарын қабылдады. Содан бері рәміздеріміз біздің мақтанышымыз болып келеді. Ал мен өзімді со қасиетті белгілердің қорғаушысы ретінде сезінемін. Сол себепті мен, Елтаңбамыз төрде тұрып, көк туымыз бейбіт аспан астында еркін желбіреп, Әнұранымыздың айбыны асқақ болуы жолында Қазақстанның әр отансүйгіш азаматы сияқты өз үлесімді қосып, ел игілігіне қызмет етуді мақсат тұттым. Қазір де сол мақсат жетегінде еңбек етудемін. Біздің жеткен жетістігіміз мемлекетіміздің мерейіне қосқан тамшыдай үлесіміз деп білемін», - дейді мемлекеттік нышандарымыздың құрдасы, Көкпекті ауылдық округі әкімшілігінің қызметкері Құралай Қонақаева.

Әр азаматтың жүрегінде сайын даламыздың саулығы үшін саналы ғұмырын сарп етіп, жанын пида етуге даяр ұлтжандылық, қайсарлық рух барда ғана еліміз қанатын кеңге жайып, әлем көгінде биікке самғамақ. Ал ол қайсарлық жұдырықтай жүректегі Отанды сүю, қадір тұту сияқты қарапайым да Ұлы сезімдерден бастау алады. Ауданымызда өткізілген бұл мереке сол жолдағы маңызды қадам.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз