ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жадырап жаз келдi. Сайын дала Сарыбел мен қойнауы қазыналы Қалбаның арасындағы құтты мекен құлпырып тұр. Табиғаттың осы бiр ғажайып мезгiлiн ең алдымен біздің балалар асыға күтедi жылда. Себебі, санасын сабақтан арылтып, алаңсыз балалық шақтың аралында сайрандайтын мерзім. Туған жердің көк майсасына аунап, суында толқындай тулап, құмына табан күйдіріп, желіне кекіл сүйдіріп, шексіз шаттық кешетін шақ осы. Осы тұрғыда аудан оқушылары жазғы демалысында қайда және қалай демалады деген заңды сауал туындайды. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Садуақасова Динара Қапасқызына жолығып, биылғы жаз мерзіміндегі балалардың демалысы қалай ұйымдастырылып жатқаны туралы ақпаратпен қанықтық.


- Оқушылардың жазғы демалысын ұйым-дастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру лагерлері жұмыс жасайды.
Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын уақыт. Бұл кезең балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Сол себепті де жазғы демалысты оқушылардың жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құн-дылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.
Жыл сайын ауданда әр түрлі үлгідегі балажайлар жұмыс істейді. Биылғы жылы ауданда 45 мектеп жанындағы және 3 ауыл сыртындағы лагерлер ұйымдастырылды. Бұл балажайларда 1 және 10 сынып оқушылары толықтай қамтылған. Мектеп жанындағы лагерлер ыстық тамақпен қамтылған және сауықтыру, еңбекпен қамту, дебаттық, туристік бағыттарда жұмыс жасауда. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, патронаттық тәрбиедегі және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектеп жанындағы және ауыл сыртындағы лагерлерде жалпы білім беру қорының есебінен демалыс ұйымдастырылды. Қалған оқушылар демеушілер мен ата-аналарының есебінен лагерлерге баруда.
Ағымдағы жылы жалпы алғанда сауықтандыру және еңбекпен 3769 оқушы қамтылды. Бұл дегеніміз 100 пайыздық көрсеткіш, - дейді Динара Қапасқызы.
Ауыл сыртындағы балажайда оқушылар тәжірибелі педагогтар мен білікті дәрігердің үнемі бақылауымен жазды жайдары өткізуде. Күн тәртібіне сай демалушы оқушылар таза ауада уақыт өткізіп, суға шомылады, спортпен айналысып, жаңа достарымен қызыққа батуда. Су жағасында орналасқан лагерлер ерекше бақылауға алынған. Бұл жерде бірінші кезекте темірдей тәртіп талап етіледі. Дегенмен, балалардың емін - еркін демалуна барлық жағдай жасалған.
Новостройка ауылындағы «Балауса Көкпекті- 2» спорттық сауықтыру лагерінде 240 бала, Мойылды ауылындағы «Балауса Көкпекті - 3» спорттық сауықтыру лагерінде 240 және Сарыбел ауылындағы «Жас толқын» дебаттық лагерінде 90 бала демалады деп жаспарлануда. Бүгінгі күнге аталмыш балажайларда 270 бала демалыспен қамтылған. 300 оқушы кезекті ауысымдарды күтуде. Толық жоспарды орындауға қол жеткізу үшін барлық негіздеме де мүмкіндік те жектілікті. Мамыр айында екі лагердің директорлары А.Айдарғазина мен Р.Райхан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру тақырыбында «Балдәурен» орталығында өткен республикалық курсқа қатысып, облыстық семинар жұмысына атсалысқанын айта кеткен жөн.
Сонымен бірге, аудан оқушылары үшін жазғы демалыс уақытында туристік іс-сапарлар өткізіліп жатыр. Біздің балалар көп баратын туристік бағыттар қатарында Астана қаласы, Өскемендегі этноауыл, Ұлан ауданындағы «Ақбауыр» тарихи орыны, Қалбатау ауылындағы «Ер Жәнібек» монументі, Тарбағатай ауданындағы «Қабанбай батыр» ескерткіші, Абай ауданындағы «Жидебай» қорық-мұражайы және ауданның тарихи орындары жиі аталады. Қазірдің өзінде аталмыш бағыттар бойынша 933 оқушы туристік іс-сапарға барып қайтқан.
Қорыта айтқанда, жазғы балажайлар тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат ордасы. Оқушылар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бе-йімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, байтақ даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына берік алғышарт болмақ. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны айдан анық.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз