ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күнтізбе бойынша қараша күздің соңғы айы, алайда, дәл осы уақытта қыс ақырындап өз қаһарына ене бастайды. Жайбарақаттыққа салынып жүрген автокөлік жүргізушілері мен жолшыларға алғашқы жауған қар мен аяз, бұрқасындар қарбаластық тудырып, қыспаққа алады. Біздің өңірде қардың қалыңдығы жылдық көрсеткіштен асып, ылғи да қалың жауады, жолдарды боран алып қалып, жолаушылар жиі-жиі қар қамақта қалып жатады. Жол қызметі мекемелері қыс мезгіліндегі күтіміне айрықша мән беруді қажет ететін облыстық маңыздағы жолдардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаншалықты даяр екен? Ол жайында «ОблШығысЖол» ЖШС ЖПБ-6 басшысы міндетін атқарушы Медет Айыпов баяндайды:

- Біз расында да жұмысымыздағы ең жауапты кезеңді бастап жатырмыз. Ол үшін алдыңғы айларда, яғни, күзде қысқа қажетті жұмыстардың барлығын атқарып, техниканы, жолдарға себетін құм, күл материалдарын, тіпті қажетті мамандарға дейін дайын болуын қамтамасыз еттік.
Жолды пайдалану және қозғалысты ұйымдастыру мәселесі қыс айында қиындай түседі. Автокөліктердің қыс айындағы жол қозғалысы қауіпсіз әрі тоқтаусыз болуы үшін бірқатар кешенді шараларды өткізу қажет, оған жол бойын және үстін қар басып қалудан сақтау және тазалау жатады. Жолдың жағдайы ауа райының суықтығына, жел мен қар жауу, боран соғу, көктайғақ пен көру қашықтығын азайтатын тұман түсуіне және олардың алмасып тұруына тікелей байланысты. Қыста таулы аумақтарда ең қауіптісі қар көшкінінің түсуі болып табылады.


Өмеш асуында қандай қауіп–қатер туындайтынын ешкімге түсіндірудің қажеті болмас деймін. Жолдың бұл бөлігі тек қана біздің бақылауымызда емес, оның жағдайын «ОблШығысЖол» ЖШС басшысы Әділбек Әшімұлы Мәткәрімов та қатаң бақылауда ұстап отырады. Ол аптасына екі рет бізге тапсырылған жол бойын аралап көріп, кемшіліктерімізді түзетеді, жұмыс барысына мақтау да айтып қояды.
Өмеш асуында қыс әлдеқашан түсіп қойған, ол аумақтың жолын біз әлденеше рет қырып, тазаладық, ол қыстың қатал ауа райында жолдың өту мүмкіндігінің қалыпты болуына мүмкіндік береді. Күре жолдың бұл бөлігінде біз 4 бірлік техника, ЖЖМ қорын, сепкіш материалдар, керосин сақтаймыз, оның барлығы да жабық ғимарат ішінде тұрады. ЖЖМ-мен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ, ол үшін жол қозғалысында адами факторды жоғары қоятын басшылық тарапына алғысымыз зор. Бұл жерде механикаландырылған бригада тәулік бойы кезекшілік атқарады, жылыну бекетінде Иманжановтардың жас отбасы тұрақты тұрып жатыр. Олар кезекшіліктегі мекеме жұмысшылары мен жолда қар қамағында қалып қалған немесе көліктері сынған жолаушыларға қызмет көрсетеді. Ауа райы бұзылған кезде бұл учаскеде жұмысшылармен бірге жұмысшы күші мен техниканы орынды бөлу үшін шебер тұрақты түрде қастарында болады. Мекеме биыл қуаты жоғары, қимылы ширақ доңғалақты жаңа трактор МТЗ-100 сатып алды, оның қиықша күрегі дәл осы қиын асуда боранды күндері, төтенше жағдай орын алғанда аса қажет болады. Міне, бүгін де ешқайда қар жауып тұрған жоқ, ал асуда қалыңдығы 25 см болатын қар түсті, ол жедел түрде тазаланды. Қар тоқтаусыз әрі мол жауатын болса, біздің қар тазалағыш грейдерлеріміз бен роторлар, бульдозерлер сақадай сай, барлығы да күрделі жөндеуден өткізіліп, қыстың қатал сынына төтеп бере алатындай жағдайда
Жас басшы жол қызметі кәсіпорнының бастығы Әділбек Әшімұлы Мәткәрімов туралы жақсы пікір білдіре кетті. Ол кісі талапшыл, жұмысты орнықты дәл уақытында атқарғанды ұнатады дейді. Жақында оны облыс басшылығы жол мекемесі саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін «Кеден Одағының Құрметті азаматы» орденімен марапаттаған.
-Мен Әділбек Әшімұлынан көп нәрсені үйрен-дім, ол кісі тәжірибелі тәлімгер ретінде біздің жұмыстың қыр-сырына әбден қанық, үлкен ұжымды біліктілікпен басқарады, - дейді Медет.
Мекеменің қарауына Казнаковка өткелі де кіреді. Жұмысшылар адам көп жүретін бұл жерді аптасына екі рет тазалап отырады. Үнемі айналасының таз болып тұруын қадағалайды, мысалы жазда қоғамдық дәретхана орнатты.
Табиғат – ортақ үйіміз. Біз жастайымыздан оны сүйіп, қорғап, абайлап пайдалануға тиіспіз. Оның байлығын молайта білуміз керек. Самар-Тарғын – Өскемен күре жолының бойында ЖПБ-6 жолшылары бастауды тазалап, айналасын абаттандырып, әдемі орындықтар орнатты. Қыста бастауға қарай түсетін жолға тұз сеуіп, жолаушылардың түсуіне ыңғайлы болуы үшін жағдай жасайды. Жазда мұнда кісілер көп тоқтайды, ұзақ жолдан келе жатып дем алады. Бірақ, адамдардың бәрі бірдей емес, өздерін мәдениетті ұстамайды, айналасына қоқыстарды, тамақ қалдықтарын лақтырып ластайды, ал оларды жолшылар тазалайды.
Жолшылар үшін ең жауапты да қиын жұмыс жол бойын қысы-жазы күту болып табылады. Қыс қарлы боранымен, қатты аязымен, жоғары ылғалдылығымен жолшыларды сынға алады.
Жол мекемесі басшысының айтуынша, жолшылардың қол қусырып қарап отыратын уақыттары жоқ. Өйткені, жолды қардан жиі-жиі тазалап тұру қажет, егер уақытында тазаланбай қалса, біз жолдарды «жоғалтып» аламыз дейді ол. Қыстың ызғарлы айларында сақадай сай тұруымыз керек, кез келген уақытта қар және көктайғақпен «күреске» әзір болу қажет. Жылдың осы мезгілінде жолға күтім жасау асқан жауаптылықты, еңбекқорлықты қажет етеді. Біздің байқағанымыздай жолшылар қыстың қатал сынына төтеп беруге даяр екен. Олар жолаушылардың діттеген жерлеріне аман-есен жетіп, туған туыстарына қауышатынына кепіл болады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз