ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекет-тілікті қалыптастырудың, ұлт бірлігін нығайтудың, нарықтық экономиканы құрудың қиын да жарқын жолынан өтті. Бізде еліміздің төңірегінде кеңінен аталып өтетін өзіміздің ұлттық мерекелеріміз пайда болды. Биылғы жылы, төртінші жыл қатарынан, біз ерекше мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өттік.
Мерейлі мереке киелі Көкпекті өңірінде де жоғары деңгейде тойланды. Ұлт Көшбасшысын ұлықтауға арналған шаралар шеруі Құмар Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтаудан бас-тау алғаны үлкен маңызға ие. Аудан басшысы жас жерлестерімізді мерекемен құттықтап, арнайы сый-лықтар табыс етті. Өскелең ұрпақ өкілдері болса, өз тарапынан алғысын жаудырып, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген ыстық ықыластарын жеткізді.
Мәдениет үйінде салтанатты шара өткізіліп, жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт ұйым-дастырып, жұртшылық Елбасына деген ақжарма тілектерін ортаға салды. Еліміздің аз уақытта қол жеткізген жетістіктері мен ауыл-аймақ әлеуетінің артып келе жатқандығын тілге тиек етісті.
Еліміз жылдан-жылға дамып, экономикамыз өркендеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Қазір бүкіл әлем қазақ елін құрметтейді. Бұл ширек ғасыр бұрын халық алдында Қазақстанды үлкен белестерге жеткіземін деп ант еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа жасаған қадамы. Елбасының армандаған істері өміршеңдігін еш уақытта жоғалтқан емес. Көкпектіліктер Президенттің асқан көрегенділікпен жүргізіп жатқан салиқалы саясатына дән риза.
- Егемендікке қол жеткізген жиырма төрт жылдың өзінде Қазақстанды бейбітшілік пен жасампаздық жолына салып, елдің кемел келешегін болжай білген Елбасының кемеңгер саясаты бүгінгі күні өз жемісін беруде. Бүгінгі күні әлем Қазақстанды экономикасы қырыштап дамыған, ішкі саясаты тұрақты, бейбіт идеялардың елі деп таниды. Әрдайым, осылай жұлдызымыз жарқырай берсін, - деді құттықтау сөзінде аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлы.


Биыл қазақ елі талай белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жетті. Бұған барша отандасымыз куә. Шараға жиналған ауылдықтар егеменді елдің жеңісі бұнымен тоқталмай, алдағы күнде арта береріне нық сенімді. Түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Нұр Отан» партиясына қабылданды. Оларға билетті аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Рамиль Сағандыков салтанатты түрде табыстады. Сонымен бірге, мерекеге орай бірқатар еңбек адамдары марапатталды. Олардың ауданның гүлденуіне қосқан үлесі жоғары бағаға ие екені даусыз.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымында сапалы қызмет етіп келе жатқан білікті де білімді басшылар - Мариногорка ауылдық округінің әкімі Сұрашев Қайдар Сайкенұлы, Сарыбел ауылдық округінің әкімі Сақуанова Клара Шайзадақызы қажырлы еңбегі еленіп, мерекелік марапатқа лайық деп танылды. Өзінің ұзақ жылдардағы ұлағатты қызметін ұрпақ тәрбиесіне арнап, тәлім мен тәрбиені қатар тоғыстырған Пушкин атындағы орта мектеп директоры Багисова Баян Қапезқызының мерейі үстем болды. Сондай-ақ, аудан әкімінің алғыс хатымен «Көкпекті ауданының Ауғанстан соғысы ардагерлері» ұйымының төрағасы Халиулдин Аян Қайырханұлы, аудан әкімі аппаратының техникалық қызметкері Самадиева Күләш Қанапияқызы марапатталды.
Облыс орталығында өткен дәстүрлі «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясындағы Көкпекті ауданының мәдени күндерінде жоғарғы ұйымдастырушылық қабілеті және белсенді азаматтық ұстаным танытқан жерлестер де сый-құрметтен тыс қалмады. Самар балалар өнер мектебінің ұжымы, «Інжу-маржан» шығармашылық ұжымы, «Забава» ансамблі, білім беру бөлімінің әдіскері Садвакасова Динара Қапасқызы, «Бос уақыт орталығының» директоры Тоянкенов Нұрлан Болатбекұлы, Жастар орталығының маманы Артықбаев Әлижан Әлімжанұлы сынды марапат иелері бұл күні өз өнерін көпшілікке паш етуге тамаша мүмкіндік алды. Сахна төріндегі шын таланттардың туындылары мен жасындай жарқылдаған өнерпаздар шеберлігі көпшіліктің айызын қандырып, көңіліне шаттық орнатты.
Салтанатты шара мен мерекелік қойылымнан ұмытылмас әсер алған жерлестеріміз мерекелік құттықтаулары мен ақжолтай тілектерін жасыра алмады.
Сләмбек Мұқашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуел-сіздігіміз тұрақтанып, шекарамыз бекіді, тарихымыз түгенделді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Туған ана тілімізбен, дінімізбен, ділімізбен қайта қауыштық. Конституциямыз, ұлттық рухты асқақтатар Елтаңбамыз бен Әнұранымыз қабылданып, көгімізде көк Туымыз желбіреді. Ұлттық валюта - теңгеміз қолданысқа еніп, экономикалық қуатымыз артты. Осылайша ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, асыл армандармен биікке өрледік.
Дәурен Мергенчинов, «Көкпекті жастары» патриот-тық қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
- Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының еңбегін айрықша ұлықтайтын күн. Жастар қашан да Елбасымен бірге!
Әлемдiк сарапшылардың мойындауынша, Қазақстан Президентi Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргiзiп келе жатқан өзгерiстер ХХ ғасыр соңында пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бiрi болып есептеледi. Сондықтан да бiз - қазақстандықтар екендiгiмiздi әркез мақтан етуге тиiспiз. Елбасының биылғы жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезектi Жолдауы жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындап берді.
Ел мен Елбасы - етене егiз ұғымдар. Осыған байланысты Елбасыға деген құрметтi елдiкке құрмет деп қараған жөн. Мәңгілік ел болу жолындағы Ұлы мақсатқа жету барысында Елбасының сындарлы саясатын басшылыққа ала отырып, толағай табыстарға жете берейiк!
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз