ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы аптада ауданымызға Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы экономика бөлімінің басшысы Жұлдыз Мәусітқызы Жүрекбаева келіп қайтты. Кездесу барысында ел дамуына берік негіз жасайтын нақты бағыттарды аудан халқы қолдап отырғаны анық байқалды.
Билік пен халық арасындағы екіжақты еркін пікір алмасу түрінде болған кездесу ауданымыздағы тіректі елдімекен Преображенкада өтті. – Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» немесе 100 нақты тапсырмасы қоғам өміріндегі және мемлекет дамуындағы реформаларды жан-жақты қамтиды, - деп көрсетті Жұлдыз Мауситқызы. Әрі қарай спикер қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған бес институционалдық реформаларының әр тарауына жеке тоқталып, алда күтіп тұрған өзгерістер бойынша тереңдете түсіндіріп берді.


Экономикалық өрлеу және индустрияландыруды жеделдетуге бағыт-талған реформалар аясында кедендік және салықтық процедураларды оңтайландыру ұсынылады. Жекелей алғанда, бұл кедендік салықтар санының қысқартылуы, сондай-ақ, кедендік процедуралар кезінде одан өтушілерге көрсетілетін қызметтердің барынша қарапайым және ыңғайлы көрсетілуі болып табылады. Салық саясаты саласында қазіргі қолданыстағы салықтық тәртіптерді оңтайландыруды көздей отыра, салықтық кірістер мен шығыстарды есептеуді міндетті түрде жүргізу ұсынылады. Сонымен бірге, тұрғын халықтың кірістері мен шығыстарын жалпылама мәлімдеуді енгізу жоспарлануда. Салық салуды қатаң бақылау мақсатында, жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын мәлім етуге кезең-кезеңмен өту ұсынылады. Бұл шара 2017 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне, 2020 жылдан бастап барлық жеке тұлғаларға қатысты айтылған. Мәлімдеуге жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алу бойынша тіркеудегі табыс пен шығыстар жатады.
Мемлекетіміздің қарыштап басатын қадамдарының ішінде білімге айрықша мән берілуі ұстаздар қауымының көңілін қуантты. Білім беру саласында жоғарғы мектептерде жан басына қаржыландыруды және табысты мектептерді ынталандыру жүйесін енгізу, сонымен бірге, он алдыңғы қатарлы колледждер мен жоғарғы оқу орындарында экономиканың алты жетекші салалары үшін білікті мамандарды даярлап, олардың тәжірибесін басқа оқу ордаларына тарату жоспарлануда. Әрі қарай, Ж.Жүрекбаева тұрғындарды әлеуметтік қорғау шараларын тиімді жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» реформасы аясында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету ұсынылатынын атап өтті. Аталмыш шара көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілген арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау есебінен жүзеге асырылады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің барлығы жұмыспен қамтылған жағдайдың өзінде кірісі төменгі өмір сүру деңгейінің 50% төмен көрсеткіштегі отбасыларға ғана беріледі.
«Есепті мемлекетті қалыптастыру» реформасы аясында мемлекеттік органдардың қарамағындағы кез келген ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу жұмысы жоспарға алынды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар басшыларының тұрғын халық алдындағы жетістіктерін ашық есеп беру арқылы айту тәжірибесін енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, олардың есебін ресми сайттарға орналастыруын қадағалау жоспарлануда. Негізгі мемлекеттік органдардың статистикалық деректер қорын онлайн режиміне қосу ісі де қолға алынбақ. Онда барлық бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржылық аудит нәтижелері, мемлекеттік саясаттың тиімділігі мен сапасын бағалау қорытындылары, республикалық және жергілікті бюджетті игеру есебі орналасатын болады.Реформа аясында халыққа қызмет көрсету орталықтарын бір жүйеге біріктіруге арналған «Мемлекет азаматтар үшін» атты мемлекеттік корпорация құру ұсынылған. Ел азаматтары барлық мемлекеттік қызметтерді бір орталықтан алатын болады. Осындай тұрғындарға оңтайлы шаралар тек жақсы нәтиже көрсетеріне сеніміміз мол. - Бүгінде біз, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін кең көлемді жаңғырту жолымен мемлекет дамуының жаңа кезеңіне аяқ басып келеміз. Реформа жарияланған сәттен бергі барлық жұмыстар қатары игілікті және берік түрде іске асырылуда. Бұл орайда, сіздердің сенімдеріңіз бен белсенді түрде қолдау танытып, әрекет етулеріңіз маңызды, - деп сөзін аяқтады Жұлдыз Мәусітқызы.
Әрине, мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар тек халық игілігі үшін атқарылып жатқаны игі. Себебі, елдің басты байлығы оның азаматтары екені хақ.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз