Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Смаилов Асхат Сайдахметұлы Көкпекті ауданы әкімі лауазымына тағайындалды. Смаилов Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурыз күні Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
01.11.1991-11.05.1994- Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисі
11.05.1994-28.05.1996 -Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.



Ынтымақ пен ырыстың, татулық пен бірліктің мерекесін Көкпекті ауданының тұрғындары Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында атап өтті. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстан деген киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын шаттана тойлайды. 

