Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
29 тамыз күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің тергеу басқармасының қылмыстық құқық бұзушылықты және басқа да Заң бұзушылықты жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолдану ұсынысы бойынша аудан активі жиналысы болып өтті.
Аталған ұсынысты қарауға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары - Рустем Ерсім-бекұлы Танабаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қайрат Нұрғазыұлы Сапарғалиев келді. Жиынға сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық маслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, прокуратура, ішкі істер бөлімдері, жергілікті полиция қызметі, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар қызметі, әділет, статистика, кірістер және қазынашылық басқармаларының басшылары, мемлекеттік агроинспекция және ветеринария қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының және халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары, Нұр Отан партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық «Жұлдыз – Новая жизнь» газеттерінің редакторы қатысты.
Толығырақ...
Көшбасы Серғазы Омар ақсақал бастаған отандастарды аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Əлеуметтік салаға жа-уапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоныс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылар игіліктер мен мүмкіндіктер жан-жақты сараланды. - Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Темірболат құрыштан құйылған сом білекті, түкті жүректі аталарымыздың даңқ биігін аласартпаған еркін күрестің ер оғланы - Данияр Қайсанов Үнді мұхитының ортасындағы Джакартада өтіп жатқан Азиададан елге күміс жүлде әкелді.
Палуанды туған жері - Көкпекті ауданының тұрғындары қуанышпен қарсы алды. Көкпекті – Самар тас жолының Үлкенбөкен ауылына кіреберісінде аудан әкімінің орынбасарлары - Дәурен Қойгелдин мен Марат Теміржанов, ауданымыздағы белгілі спорт демеушісі, «Елім-ай Көкпекті» агрокешенінің басшысы Болат Мигражұлы Бекбердинов, атақты палуан Алтай Танабаевтар бастатқан аудан жұртшылығы өкілдері автошерумен, қошеметті эскортпен аудан орталығындағы митингіге бастап келді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.