Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
23 наурыз күні облыс орталығында Көкпекті ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. «Fresh Marcet» сауда кешенінің аумағындағы сауда-саттық Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналды. Көкпектіден жеткен мол әрі арзан өнімге Өскемен тұрғындарының сұранысы жоғары болды.
Мерекелік жәрмеңкеге аудан аумағындағы шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілер қатысып, төл өнімін ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин берген мәлімет бойынша, бұл күні жәрмеңкеде 1.5 тонна жылқы еті, 3 тонна ірі қара еті және жарты тонна қой еті әкелінген. Сондай-ақ бал, картоп, орамжапырақ, балық және тағы басқа да өнімдер сатылымға шығарылды. Әдеттегідей жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің бағасы қаланың басқа коммерциялық базарларына қарағанда 10-15 пайызға төмен.
Толығырақ...Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамын көкпектіліктер кең ауқымда атап өтті. Бұл күні дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылған мейрам болды. Аудан әкімі Асхат Смаилов бастаған ел ағалары көпшілікті мерекемен құттықтап, сәні мен мәні келіскен салт-дәстүр айшықтарына елмен бірге атсалысты. Алаңда түрлі ұлттық ойындар өткізіліп, әсем ән мен тәтті күй төгілген нағыз халықтық мерекеге ұласты. Наурыз тойының қызығы Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінің алаңында қызды. Таң атқаннан Мәдениет үйінің алаңына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ертеден жиылған ел 11 ауылдың жанында ойын-сауық құрып, бас аяғы қозыкөш сауда қатарларын аралады. Әр жерде қуырылған кәуап жеген жұрт, дәмді наурыз көже үлестірген сұлу келіншектер мен ақ жаулықты әжелер, алтыбақан басындағы балалар мен жасөспірімдер Наурыз мейрамынына бүкіл халықтық сипат беріп тұрды. Жұрт бар жақсысын киіп, ақшаңқай үйлерді аралап, бір-біріне жақсы тілектер айтуда. Бата сұраған жұртқа адал ниетпен ақсақалдар да ақ батасын аямауда. Мерекенiң ашылу салтанатында аудандық мәдениет үйінің әртістері дайындаған театрландырылған қойылым көрсетiлiп, Қызыр баба елге, жерге жақсылық, молшылық, табыс, береке, ынтымақ, бiрлiк тiлеп, ақ батасын бердi. Ортаға ертегідегіндей безендірілген күймеде келген Наурыз Аруы келгенін жариялады.
Наурыз – один из главных праздников в году, как у казахов, так и у многих народов Азии, отмечаемый уже более пяти тысяч лет. Это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни. Он имеет языческие корни и отмечается 22 марта в день весеннего равноденствия. В этот день созвездия и звезды после годичного круговорота приходят на точки своего первоначального пребывания и начинают новый путь - круг.
22 марта в районном центре на главной площади развернулись массовые гуляния. Наурыз в Кокпекты встречали весело, шумно и красочно.
С самого утра перед Домом культуры имени К.Алтынбаева был разбит пестрый юрточный городок. В каждой юрте гостей праздника ждал богатый дастархан. Сельчан угощали различными традиционными кушаньями, главенствующим среди которых по праву являлся «Наурыз коже». Это ритуальное блюдо, похлебка, включающая в себя семь компонентов: воду, мясо, соль жир, муку, злаки и молоко. Цифра семь сама по себе имеет сакральный характер у казахов. Семь компонентов наурыз коже означали семь элементов жизни. Огромный котел для наурыз коже символизировал единство. По преданиям, в этот день надо досыта отведать данного блюда, тогда весь год проведешь в достатке и сытости.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.