- Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына алғашқы жолдауын жариялады. Бұл жолғы жолдау "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деп аталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту секілді қоғамды толғандырып жүрген мәселелерге тоқталып халыққа жауап берді деп ойлаймын. Маған ерекше ұнағаны мемлекет басшысының қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылағаны. Оның айтуынша, алдағы уақытта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.
Өзім мұғалім болып істегендіктен мені көп алаңдататыны шәкірттерімнің білімі, болашағы, мектептен алған білімдерін өмірге жаратуы. Әсіресе, дарынды оқушылардың жағдайы. Осы орайда президент Жолдауындағы - Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын деген көкейтесті сұраққа нақты жауап беретін жолдары шәкірттерімнің жүрегіне үміт отын жағады. Толығырақ...



Көкпекті ауданында егін ору науқаны басталды. Алғаш болып іргелі шаруалар күзгі жиын-терімге кірісті. Таяу күндері өзге де диқандар дәнді-дақылдарға орақ салады. Мамандар биылғы егістің шығымы жақсы дейді. Егін ору науқанын Марат Каликовтың «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы егістік алқабынан өз көзімізбен көріп, мамандардың дерегіне қанық болдық.
Барша адамзатты бей-жай қалтырмайтын Білім күні, яғни алғашқы қоңырау мерекесі кең-байтақ қазақ жерінің әр түкпірінде айрықша сән-салтанатымен өтті. Алтын ұя білім ордалары мектеп табалдырығын алғаш аттаған мыңдаған бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Аудан орталығындағы тұлғалы білім беру мекемесі, іргелі қара шаңырақ Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп және Көкпекті орта мектебінің ауласы алғашқы қоңырауға сай әдемі безендірілген. Кім-кімнің болмасын өзіндік ерекшелігі мен мәңгі есінде сақталатын жайдары мерекеге тұлымдарына ақ бантиктерін байлаған түймедей ғана сүйкімді қыз балалар мен мойнына галстук тағып, нағыз ержігітше жасанған балғын ұлдар, оларды қызықтауға келген ата-аналар, сала ардагерлері мен ұстаздар қауымы, жалпы оқушыларға лық толы.

