Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Ұлысын ұлықтай білген, Тарбағатайдың құтты қойнауын мекендеген ағайын қазаққа тән даналығы мен көсемдігін, шешендігі мен ұлылығын бойына дарытқан Сайболат Жұмықұлының 350 жылдығына арналған ауқымды іс-шараны алты алашқа сауын айтып, дүркіретіп өткізді. Тойда ат шаптырып, күйшілер, жазба ақындар мен белдескенде белін үзер балуандарды сайыстырып, бабаларына еңселі ескеркіш орнатып, ұлан асыр ас берді.
Аталмыш шара алдымен Құйған ауылындағы Сайболат Жұмықұлына атындағы саябақта басталды. Көпшілікті Өскеменнен арнайы осы тойға келген республика, облыс көлеміне кеңінен танылып үлгерген, Шалқар Рысханов дирижерлік ететін Шығыс Қазақстан облысы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» мекемесінің «Байжігіт» атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі әуелеген сазды күйлерімен қарсы алды.
Ашылу салтанатында Тарбағатай ауданының әкімі Садуақасов Серікқазы Құсайынұлы игі шараны атқарған баба ұрпақтарына алғысын білдірді. Расымен Тарбағатайдың құтты қойнауын мекен еткен бабалары Сайболат Жұмықұлына қойылған ескерткіштің ашылуынан бастау алған шарада еліміздің әр жерінен жиналған қонақтар мен ауыл тұрғындары, Сайболат ұрпақтар және елге белгілі азаматтардың қарасы көп болды. Ауыл төрінен орын алған Сайболат бабаларының ескерткіші өткенге салауат етудің бір белгісі деген ұрпақтары лентасын қию рәсімін Құйған ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Айдарбек Малғаждаровқа, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Алмас Ахметбековке, осы тойдың қонағы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Досхан Жолжақсыновтарға берді.
Ал Сайболат ұрпақтарының шежіре кітабының тұсаукесер рәсімін «Сайболат ұрпақтары» қоғамдық қорының төрағасы Мырзахан Шакенов, баба ұрпақтары Құрманқажы Қоңыз батырдың немересі Нәзипа Кенжина, Қуаныш Омаров кесіп халыққа таныстырды.
О внесении изменений в решениеКокпектинского районного маслихатаот 9 января 2019 года № 32-2 «Об избрании членов территориальной и участковых избирательных комиссий по Кокпектинскому району»
В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьями 10, 19 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан», Кокпектинский районный маслихат РЕШИЛ:
1. Внести в решение Кокпектинского районного маслихата от 9 января 2019 года № 32-2 «Об избрании членов территориальной и участковых избирательных комиссий по Кокпектинскому району» следующие изменения:
1) Освободить от обязанностей следующих членов участковых избирательных комиссий:
№ 797
Кожамсейтова Марата - от политической партии «Бірлік», в связи с выездом за пределы района.
№ 802
Толығырақ...Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 32-2 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 32-2 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Көкпекті ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері міндеттерінен босатылсын:
№ 797
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.