Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Қазіргідей қым-қуыт заманда кейбір мәселелерді шешіп, қаржыландыруда қоғамдық қорлардың атқарып отырған жұмысы айтарлықтай. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат шектеулі болған жағдайда қоғамдық қорлар сол мәселеге қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, септігін тигізіп жатқанын атап өткен жөн.
Олар әр аймақта күрмеуі көп мәселелерді шешу жолында тынбай еңбек етіп, халықтың игілігіне жұмыс істеп келеді. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, олардың мәселесін көтеріп, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып отырған қорлар елімізде көп болса, қанша мәселе үкіметке алақан жайып отырмай, өздігінен шешімін табары сөзсіз.
Жұртшылықтың көңілінен шығып, жұмыс істеп келе жатқан осындай қорлардың бірі - «Ақ Ниет- Көкпекті қайырымдылық» қоры. Аудандағы бұл қордың ашылып, нақты бағытта жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Қор жұмысы жариялы түрде көпшілікке ашық жүргізілуде. Қор құрудағы басты мақсаты мен мәні - тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру. Ерікті қайырымдылық және гуманитарлық көмек түрінде түскен қаражаттарды, сондай-ақ басқа мүлікті жинақтау.
Халыққа қызмет көрсету орталығы Көкпекті ауданында 2007 жылғы 27 қазанда ашылды. Бүгінгі күні мекемеге Ерік Табиғатұлы басшылық етіп келеді. Бұл ұжымда 13 қызметкер жұмыс істейді. Ал 2018 жылы орталық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ШҚО бойынша филиалы ХҚКО Көкпекті ауданының бөлімі болып өзгертілген.
2019 жылдың 7 айында 25 мың 391 қызмет түрлері көрсетіліп, 24 мың 658 дайын құжат берілген. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 шілдеге дейін 12 мың 854 қызмет көрсетіліп, 11 мың 283 дайын құжат берілген. Карантин басталғанға дейін 1 қаңтарынан 20 наурызға дейін 7437 қызмет қабылданып, 7065 дайын құжат ұсынылған. Ал карантин уақытында 20 наурыздан 10 тамыз аралығында 6025 құжат қабылданып, 4807 жауап берілген.
Толығырақ...
27 октября 2007 года в Кокпектинском районе был открыт ЦОН /Центр обслуживания населения/. С февраля 2016 года руководителем ЦОНа назначен Ерик Табигатулы. В компании работают 13 сотрудников. А в 2018 году Кокпектинский районный ЦОН был переименован в филиал Некомерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Восточно-Казахстанской области.
За 7 месяцев 2019 года организацией оказано 25 тысяч 391 вид услуг, в том числе выдано 24 тысячи 658 готовых документов. С 1 января по 31 июля 2020 года оказано 12 тысяч 854 услуг и оформлено 11 тысяч 283 документов. До начала карантина с 1 января по 20 марта было получено 7437 услуг и подано 7065 готовых документов. За период карантина с 20 марта по 10 августа было принято 6025 документов и дано 4807 ответов.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.