Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
«Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Рамиль Сағандықовтың төрағылығымен Саяси кеңес отырысы өткізілді. 12 қаңтарда өткен кеңестің күн тәртібінде Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы аудандық партия филиалының жұмысы талқыланды. Аудандық филиал төрағасы қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындардың арыз-өтініштерімен танысты. Жауапты қызмет басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, кейбір мәселе бойынша түсініктеме жасалды.Кеңейтілген Саяси Кеңес жұмысына Көкпекті аудандық филиа-лы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, партияның белсенді мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары және «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева баяндама жасады. Баяндамада «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы «100 нақты қадаммен» толыққанды саралап өтті. Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, жаңа тарихи жағдайда Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі стратегиялық жоспары тілге тиек етілді. Елбасы Жолдауынан туындайтын ауқымды міндеттер әрбір партия мүшесіне үлкен жауапкершіліктер жүктейтінін түйген Гүлбаран Майлыбайқызы, бұдан әрі партия филиалының атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарын байланыстыра баяндады. Жергілікті ел тіршілігіне тікелей байланыс-ты қадамдар сарапталды.
Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2016 жылғы 18 қаңтарда сағат 10.30-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Фахрутдинов көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер Департаментінің Көкпекті ауданы Ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына кандидатураны келісу туралы.
2. Әртүрлі.
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы Р. Беспаев
Внеочередная сорок третья сессия Кокпектинского районного маслихата состоится 18 января 2016 года в 10.30 часов, в здании районного акимата (с. Кокпекты, ул. Фахрутдинова, 44 «а»). Регистрация депутатов и приглашенных с 9.00 ч.
Рекомендуемая повестка дня сессии:
1. О согласовании кандидатуры на должность начальника Местной полицейской службы отдела внутренних дел Кокпектинского района Департамента внутренних дел Восточно-Казахстанской области.
2. Разное.
Секретарь Кокпектинского
районного маслихата Р.Беспаев
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.