Көкпекті ауданында 16-17 қыркүйек күндері еліміздің тарихи тұлғасы Уақ Бармақ батырды еске алуға арналған бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. "Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясындағы шаралар Бармақ батыр бейітінің басына құлпытас орнатумен басталады. Екі күнге созылатын шаралар аясында аудан орталығына тарихи тұлғаның кеудемүсіні орнатылып, аламан бәйге өтеді, ас беріледі. "Уақ Бармақ батыр – тағылым және рухани жаңғыру" атты ғылыми конференция жұмысына елімізге танымал тарихшылар мен шежірешілер қатысады.


Обеспечение прав и свобод человека – главные приоритеты Основного закона. В связи с этим Президент Нурсултан Назарбаев отмечает: «Строгое соблюдение Конституции – основа успешного развития государственности и гражданского общества. Жизнь, основанная на ее принципах, - высшая школа демократии. Мы все должны пройти эту школу жизни». Следовательно, Конституция, определяющая положение государства и ценность нации, занимает свое место в истории нашей страны.
Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келіп қайтты. Жұмыс сапарының барысында аймақ басшысы көкпектілік шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп, саланы дамытуға қатысты сұрақтарды талқыға салды. Білім беру саласындағы оңды өзгерістермен танысып, аудан орталығында «Толағай» сүт цехының ашылу салтанатына қатысты.

