Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Н.Ә.Назарбаев
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату елміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.
Өткен айдың 28 жұлдызында көршілес Тарбағатай ауданында, қазақылықтың табы әр жолында сайрап жатқан Ақсуат жерінде ұлттық дәстүріміз ұлықталды. Ат спортынан Ырғызбай Досханаұлы атында әлем кубогінің құрметіне ұйымдастырылған республикалық бәйгеге 27 тай, 28 құнан, 20 жорға, 47 топ бәйге, 57 ат қатысты.
Толығырақ...Бала деген – отбасының шырағы, ата-ананың шуағы, әр үйдің еркесі, таусылмайтын қызығы мен қуанышы, берекесі. Әр ата-ана өзі дүниеге әкелген кішкентай бұзықтарының алаңсыз ұйқысы, тыныш өмірі үшін тіршілік етіп, қазақтың ел сүйсінер қызы мен жігітін өсіруді армандайды. Сонымен бірге, әр балдырған Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегін алға апарар ұрпақ, ең қымбат құндылық. Қазақстан Республикасында бала болашағы үшін бар мүмкіндік жасалған, олардың құқықтары мен қауіпсіздіктері мемлекеттің қамқорлығында.
Ежелден Ата қонысын еркін жайлап, төрт түлік малын баққан, малымен жанын баққан елді шоқпарының астына алып, малынан, күнкөрісінен айырып, босқынға айналдырып, аштыққа ұшыратып қынадай қырылуына жол берген, ел үшін еңбектенген елдің ізгі жақсыларына тұтқын қамытын кигізіп, қырғынға ұшыратқан зар заман жаңғырығы уақыт қанша алға озғанмен ел жадынан әсте өшпек емес. Мың өліп, мың тірілген қазақ тарихындағы қасіретті жылдардың қаралы шежіресін 31 мамыр күні бүкіл ел болып еске алады.
Тарих сахнасын қара бұлт торлаған күндердің құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын таныстыруды мақсат тұтқан аталмыш шараны ұйымдастырушылар Көкпекті аудандық орталық кітапхана ұжымы.
Мұражай – елдің тарихын, мәдениетін және өркениетін айғақтауда маңызды рөл атқаратын тәрбиелік орын. Сондықтан да ол қоғам өмірінде ерекше орынға ие, жұртшылыққа ашық болуы керек. Материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинау-да және сақтауда мұражайлар аса зор ғылыми-ағартушылық және біліми-тәрбиелік жұмыстарды жүргізеді. Еліміз егемендік алып, ұлттық мұражай ісі тың талаптар мен жаңа мазмұнға ие болуда.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.