Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан менің ауылым – Сарыбел деп аталады. Осыдан біраз жылдар бұрын өзінің тарихи атауын алған бұл ауыл Новотимофеевка деген атпен белгілі болатын. Табиғаты тылсымның тамырын бүккен ауылға, арғы жағадан көрінген Алтай тауының сілемі иіліп сәлем беріп тұрғандай.

Ауылдан шығатын күре жол атақты «Шығыс шеңберіне» («Восточное кольцо») келіп қосы-лады. Жолдың қиылысынан кө-лігіңізді оңға бұрсаңыз, Васильев өткелінен өтіп, тау ішімен жалғасатын күре жолмен әсем қарағайлы-қайыңды тамылжыған табиғаттың көркемдігіне тамсана Үлкен Нарын ауылына жетесіз, одан әрі Зырян қаласына келіп тоқтайсыз. Шағын қаладан облыс орталығы Өскеменге жететін жол бар.

Ал ауылдан шыққаннан соң солға бұрылсаңыз, Самар, Көкпектіден өтіп, Байбура асуы арқылы Қалбатаудан Өскеменге шығасыз.  Міне осылайша шеңбер жасап, бір ғасырлық тарихы бар «Шығыс  шеңберін» түйіндейсіз. Бұл тас жолдың облыс орталығымен екі жағынан да қосатын осындай ерекшелігі бар. Бұл жолды салуға қаншама күш, техника жұмылдырылған. Осы жолмен күндіз-түні жүріп жатқан жолаушыларға менің тілегім: «Жолың болсын, жолаушы!», - болмақ.

Ж.Тәкібаев, зейнеткер,

Сарыбел ауылы

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің құрметпен аталып өтілгені, оны жақындатқандар үшін ерекше күн болып мәңгі есте қалғаны анық. Ал олардың ұрпағы үшін жыл сайын осы айтулы күнді мақтан тұтар ардагер аға-апаларымен бірге қарсы алғаннан асқан бақыт жоқ. Өкінішке орай, кешегі сарбаз, бүгінгі қарт ардагерлердіің қатары сиреп барады. Бейбіт өмір сыйлаған асыл қазыналарымыздың бірі, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны В.С.Винниковті Үлкенбөкен орманшылығының басшысы Рахат Жақыпов отынмен қамтамасыз етті.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының 88-қадамында: «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі  ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады»,- деп жазылған.

Біздің ауданда осы талаптарға сай келетін нағыз еңбек адамдары көптеп саналады. Солардың бірі  - Самар ауылының тұрғыны Марфуға Қалкешқызы Закриянова. Марфуға мектепті аяқтаған соң таңдаған  мамандығы бойынша оқуға түсті. Бірақ медицина оның қолы емес екен, ол алғашқы практикалық сабақтарда-ақ белгілі болды. Тетелес апайы екеуі бірге түскен Лениногор медицина училищесімен осылайша қоштасуға тура келеді. Бірақ үйге қайтып кетпей, осы қаладағы тігіншілер дайындайтын ТУ-16 кәсіптік мектебіне құжатын тапсырды. Оқуын аяқтаған соң Өскемен жібек маталар комбинатына жұмысқа орналасып, кейін тұрмысқа шыққан соң Самар Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмыс істей бастады. Нарықтық заман туғанда бұл ірі кәсіпорын жабылып, «көппен көрген ұлы той» демекші ол да жұмысссыздар қатарына қосылды. Содан бері бір айлық босаған орын болса да орналасып жұмыс істей берді. Үйде тапсырыс алып іс те тігеді. Балалардың жөргегі, киімдері жоқ болған кезде талай балаға иткөйлек те тікті.

Толығырақ...

Биылғы жаздың аптап ыстығы аудан халқына оңай тиген жоқ. Қыстың қамын ойлаған жұрт тез арада мал азығын әзірлеп алуға кірісіп кетті. Бірі уақытында шөбін шауып үлгерсе, енді бірі қысқы отын-судың қамымен әбігерде. Осы мәселені жіті назарда ұстап отырған редакция ұжымы Көкпекті ауданының қысқа қаншалықты дайын екендіктеріне көз жеткізу мақсатында ауылдық округтердің ақпаратын ұсынады.

ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Шұғылбай ауылдық округі бойынша 2015-2016 жылдың қысына мал азығын дайындау науқаны қарқынды басталып кетті. Техникаларын сайлап алған «Қажымұқан» Ж.Байназаров, «Мадияр-Астық» Т.Ахмадиев, «Самур» З.Оспанов, «Мейірбек» К.Тоқтаров,

Толығырақ...

Көкжыра ауылындағы Асқар Қажығалиев жетекшілік ететін «Серік» шаруашылығының механизаторлары биылғы мал азығын даярлау науқанын қауырт өткізіп жатыр.

 Бір айдың ішінде толассыз жауған жаңбырдан соң қаулап өскен шалғынды қатаймай тұрып шауып алуды мақсат тұтқан олар барлық күш-жігерлерін аямауда. Шаруашылықта 200 гектар шабындық болса, оның 50 пайызынан артығы табиғи шалғындық. Ал  екпе шөпті бұлар екі рет орады.  Алғашқы орымда әр гектарынан пішен 40 центнерден айналған. 2000 центнершөп қазір маяланып, кеуіп тұр.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз