Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мейірімділік - атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлы қасиет. Ол тек жүрегінде иманы бар, көкірегінде еліме деген ыстық қайраты бар, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету сияқты ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп өскен жандарға тән. Мектеп оқушыларының бойына осындай қасиеттерді дарыта отырып, отансүйгіштікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу, біздің, ұстаздар мен ата-аналардың міндеті. Бала тек білім ғана алмай, өзгеге деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық сынды қасиеттерді де өн бойына дарыта білу керек.

Толығырақ...

Екі күн бойы үздіксіз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынының мүмкін болу қаупінің күрделенуін есепке ала отырып, аудан жұртшылығы су тасқынына дайындық жүргізумен болды. Күн жылынғаннан бас-тап Көкпекті ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Қазір облыстағы барлық аудандар осы бағыттағы шаруаларға айрықша назар аударуда.
Жыл сайын көктемгі су тасқынына қарсы шаралар уақытында қолға алынады. Биыл да ауданда арнайы штаб құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылып отыр. Округ бойынша төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстары туралы Көкпекті ауданы төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қуаныш Әңкебаев әңгімелеп берді.

Толығырақ...

Бастаушы көркемөнері дегенде еланасы Жәнипа апа Қожамбетова бастаған «Асыл мұра» ұлттық-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің қызметі көңілге оралады. Биылғы 2018 жылғы салатын ән де, сән де бұрынғы әннен де, сәннен де бөлек «Рухани жаңғыру» аясында болмақ.
Бастаушылықтардың ойын-сауығын залдан «апалап» жүгірген жас балдырғанның үні бастап кетті. Ақ кимешекті абзал ана немересін емірене отырып, ауыл туралы, атамекен жөнінде, туған ел тұрғысында үн қатты. Ауыл маңында жиналған апа-әжелер, балалар мен қыз- келіншек сырмағын сырып, текеметін қарпып, келісін түйіп, самауырын қайнатып - ертедегі ауыл тұрмысын әспеттей көрсетті. Ақ әже осы тұрмыстың бәрін марапаттай, немересін аялай отырып «Қоғалы-ай» әні әуенімен берекелі Бастаушысын, көркем Көкжотасын жырына қосты.

Толығырақ...

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауылдық округтегі білім мекемелері мен кітапханаларда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер мен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылармен мағыналы кездесулер ұйымдастырылып, дәстүр бойынша ерлік сағаттары болды.

Толығырақ...

Батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты сайыс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ұйымдастырылған сайыста қариялар бата беруден жарысты. Бұл іс- шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз