Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бастаушы ауылдық округі бойынша «Астана-ның 20 жылдығына» орай ауылдық кітапханаға Абай атындағы орта мектебінің 1-3 сынып оқушылары және бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Нұргазина, Д.Мекина экскурцияға келді. Кітапханашы оқушыларды «Ел ордасы Астана», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұмытылмас даңқты жылдар» атты Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап сөрелері жайлы айтты. Сондай-ақ, кітапханаға жаңа-дан келген кітаптар «Жаңа кітаптар», «Балалар әдебиеті» атты кітаптармен танысты.

Толығырақ...

Аудан аумағындағы қарақойын Қалбатауының аясында жатқан ауылдық округтер берекелі де бақуатты елдімекендерден құралады. Бұл ауылдардың тұрғындары ел мен жерін еңбектерімен көркейтіп отырған әлеуетті жұрт, қауқарлы бұқара. Аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті жұмыс сапарын Мариногорка, Миролюбовка, Палатцы, Сарыбел ауылдық округтерінде аяқтады.

МАРИНАГОРКАДАҒЫ СҮБЕЛІ СҰХБАТ

Аудан басшысы жұмыс барысын ауылдағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп отырған фельдшерлік амбулаториялық пунктінен бастады. Фельдшерлік пунктті қарап шығып, жергілікті халық үшін дәрі-дәрмек сататын дәріхана ашу, арнайы маманды оқыту мәселелері бойынша ауданаралық аурухананың бас дәрігері Е.Зиядановқа шешу тапсырылды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні, Көкпекті ауданнының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқауымен Самар ауылында Сарыбел ауылдық округінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде сүт ет, балық және тұз-далған көкеністер, тосап сатылды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушыларда келіп, өздеріне ұнаған тағамдарды сатып алды. Жәрменкеде ауылдық округтен арзан бағамен ет сүт өнімдері сатылып, ауыл тұрғындары жәрмеңе бағасына ризалығын білдірді. Сарыбел ауылының жәрмеңкесінда сауда қызу өтті.
Аталмыш жәрмеңкені ұйымдастыруға қол ұштарын берген ауыл тұрғындары Қайырзада Смағұлова, Ахмет және Гүлнар Смағұловтарға және Ольга Стряпчеваға округ әкімі және әкімшілік қызметкерлерінің алғыстары шексіз.

Әсем Арыстанғалиева, клуб меңгерушісі

9 мамыр күні Үлкенбөкен ауылында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 73 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Округ мекемелерінің ұжымдары Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Ұлы мерекенің мәнін терең түсініп, соғыстан қайтпай қалған ерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, арамызда жүрген жалғыз соғыс ардагері Семен Михаилович Винников және тыл еңбеккерлеріне мектеп оқушылары гүлдерін ұсынды. Үлкенбөкен ауылдық округі әкімі аппаратының атынан бас маман К.Байтасова мерекеге келген ардагерлерді, қонақтарды құттықтап, салтанатты түрде Николай Иванович Керенцевқа әкесі Иван Гаврилович Керенцевтің қайтыс болғаннан кейін, ерлік істері үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы беріліп, куәлігі (Ресей Федерациясының президенті В.Путин қол қойған) тапсырылды. Үлкенбөкен ауылындағы ерекше режимдегі мектеп-интернат директорының орынбасары М.Сейтказин, орман шаруашылығының басшысы Р.Жакупов, дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірбиелі дәрігері З.Атиманова ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Толығырақ...

9 мамыр Жеңіс күніне арналған салтанаты шеру Сарыбел ауылының орталығындағы Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш қойылған мәңгілік оттың жанында бастау алды. Қолдарына гүл шоқтары мен веноктар, түрлі-түсті шарлар ұстаған Новотимофеевка мектебінің ұжымы, оқушылары, жергілікті тұрғындар салтанатпен алаңға жақындағанда бой-ыңызды ерекше толқыныс билейді. Әрине, ол сезім - аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңісі арқасында қолымыз жеткен жарқын өмірге деген шексіз ризалық.
Береке-бірлігі тасыған, көпұлттың басын біріктірген округ халқы бүгінгідей Ұлы мерекенің мәнін терең түсініп, соғыстан қайтпай қалған ерлерді еске алып, арамызда жүрген Павел Балахонов сынды ардагерлерді мақтан тұтты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз