Құрметтіәріптестер!
Сіздердікәсібимерекелеріңіз – Мемлекеттікқызметкерлеркүніменшынжүректенқұттықтаймыз!
Биліккесеніммемлекеттікқызметкерденбасталады. Олхалық пен билікарасындағыдәнекергеайналып, заманауиқоғамдағыталаптардышешугебейімболуытиіс. Сондықтан, мемлекеттікқызметтітаңдағанадамдарзорқұрметкелайық. Өйткені,олардыңмойнындабіздіңхалқымыздыңахуалы мен болашағыныңтағдырыміндеттелген.
Мемлекеттікқызметшілеркүнінмерекелеу – мемлекеттікөкіметоргандарының аса маңыздыролініңдәлелдемесі. Өйткені, әлеуметтік-экономикалықреформалардыңжетістіктері, қоғамныңдемократияландыружолыменжылжуы, құқықтықмемлекетініңқалыптасуы мен елдіңтұрақтыдамуымемлекетбасқарутетігіжағдайыжәнемемлекеттікқызметшілердіңкәсіпқорлығы мен олардыңжігерлілігі, елдіңтаңдағанкурсынабайланысты
Мемлекеттікқызметжүйесіндегіреформалау – ел дамуыныңалғышарттыміндеттерініңбірі, оны ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев та міндеттепотыр. Мақсаты- мемлекеттікбасқарудыңтиімділігінарттыру, тұрғындарғакөрсетілетінқызметсапасынарттыружәнемемлекеттікқызметкерлердіңқызметжағдайынжақсарту.
Халықмемлекеттікқызметкерлерденжоғарыруханитұрақтылықты, отансүйгіштікті,заңталаптарынбұлжытпайорындаудыкүтеді. Халыққақызметкөрсетуоңайемес, сіздердіңәрісіңіз бен ауданөмірінеқосқанүлесіңізоныңдамуынаықпалетеді, оныңбақуаттылықдеңгейінкөтереді.
Әрқызметкердіңміндетіазаматтардыңконституциялыққұқы мен бостандығынқорғау, ел экономикасыныңжәнеәлеуметтіксаласыныңтұрақтыдамуынажағдайжасау, қазақстандықтардыңөмірсүрудеңгейінеуропалықстандартқажеткізудіқамтамасызетуболыптабылады.
Баршамемлекеттікқызметкерлергесәттілік, таусылмасқуатжәнеҚазақстанхалқынақызметкөрсетужолындаізденімпаздық, зорденсаулық, мейірбандық, бақыт пен бейбітшіліктілейміз.
Д.Мусин, ауданәкімі
Р.Беспаев, аудандықмәслихатхатшысы
14 маусым күні Күршім ауылында Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаттары, орталық және облыстық атқарушы органдардың қатысуымен форум өткізілді. Оның барысында Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығы саласын дамыту туралы сұрақтар қаралды.
Форумда Көкпекті ауданының әкімі Д.М.Мусин баяндама жасады. Ол балық шаруашылығы саласын дамытуды тежеп отырған мәселелерді атап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын көрсетті. Оқырмандар есіне сала кетсек, жыл басында аудан әкімінің бастамасы бойынша Тассай ауылында құқыққорғау органдарының және облыстық департамент пен басқармалар, аудандағы балық саласы кәсіпорындары жетекшілері және балықшылардың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өткізілген болатын. Алғаш рет өзекті мәселелер талқыланып, сарапталған еді. Алайда, мәселелердің негізгі бөлігін шешу, көбінесе, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді.
Толығырақ...
12 мамырда біздің ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары мен билік басындағы орталық органдардың өкілдері жұмыс сапарымен келді.
Олардың ішінде ҚР АШМ Комитетінің Төрағасы Р.Мадинов, «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Сатыбалдин, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Б.Ілиясов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директорының м.а. Е.Ахметов, ҚР Комитет Төрағасы Қ.Мүсапарбеков, Мәжіліс Комитетінің хатшысы Т.Ибраев, Мәжіліс депутаттары Ж.Дүйсембаев, Р.Ким, А.Маковский, А.Тойбаев, Р.Халмұрадов, С.Үмбетов, Р.Шаекин. Олардың келу мақсаты - аудандағы аграрлық саланы дамыту үшін қолданылып жатқан инновациялық жобалармен және мемлекеттік қолдау шараларымен танысу болды.
Толығырақ...9 маусым күні аудан әкімінің төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өтті. Оның барысында «Білім беру мекемелерінің ережелері туралы» ҚР Үкіметі Қаулысының іске асырылуы, облыс әкімі жүлдесіне арналған Халықтық ойындарға дайындық жұмыстары мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы мәселесі қарастырылды.
Аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова соңғы 5 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен күтілген жартыжылдық нәтижелер жайлы баяндады. Соңғы бес айдағы барлық негізгі көрсеткіштер асыра орындалған, өсу қарқыны бар. Бірақ, бұған қоса аудан әкімі алдағы жұмыс бойынша міндеттерге баса назар аударды. Олардың ішінде бюджетті толықтыру мәселесі ерекше орын алуда. – Бұл жағдайды шешуде Салық басқармасының қызметкерлері белсенділік танытпай отыр, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. Тассай, Палатцы, Сарыбел ауылдық округтері әкімдерінің жауаптарын тыңдағаннан кейін аудан басшысы ішкі қорлардың көлемі ауқымды және олар әр округте бар екенін атап өтті. Ауылдық округ әкімдері мен Салық басқармасының міндеті – барлық жасырын нысандар мен өнеркәсіптерді көлеңкелі экономикадан шығару, бизнесті заңға сәйкес жасау, оның іс-әрекетін ашық қылу болып табылады.
А.Әкімованың мәліметінше, мамыр айы бойынша Көкпекті орта мектебінде, Оңалту орталығында, ішкі саясат бөлімінде қомақты қаржы игерілмей қалған. Аталған мекемелер басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Аудан әкімі жартыжылдық бойынша бөлінген қаражатты толық көлемде және уақтылы игеруге, оның ішіне «Өрлеу» бағдарламасы да кіретініне басты салмақ салды.
Аудан экономикасын дамытуда маңызды орынды балық және туризм кластерлері алмақ. Бұны нақтылап көрсете келе аудан әкімі осы мәселе бойынша құжаттардың әзірлемесін жасау кезінде жергілікті жердің жағдайын ғылыми негізде қарастыруды орынбасары А.Әкімова мен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысынан талап етті. Туристік кластерді дамытуда ауылдық округ әкімдерінің жобалары мен есеп берудің жаңа үлгісі бойынша ақпараттарының маңыздылығы аз емес.
Аудан әкімі ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысына, ауыл әкімдеріне көктемгі егіс кампаниясының аяқталуы және алқаптарды зерттеу бойынша қоғамдық комиссия жұмысының қажеттілігі туралы ескертті.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова «Білім беру мекемелері ережесі туралы» ҚР Үкіметі Қаулысының орындалуы бойынша дәл сараптаманы ұсынды. Оның айтуынша, ауданда Қаулының қалыптарына оқушылардың саны бойынша Петропавловка ауылындағы, С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектептер, Ұзынбұлақ, Қараөткел, Московка ауылдарындағы негізгі мектептер, Палатцы ауылындағы орта мектептері сәйкес келмейді. Бұған қоса, аталған білім ордаларында оқушылардың аттестациялық нәтижелері төмен. Ш.Мұстафинованың баяндамасын тыңдай келе, аудан әкімі білім беру мекемелерінің оңтайландыру жүйесі – бұл бәрінен бұрын оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталғандығына қарамастан, өте күрделі және шешімі қиын мәселе екенін қадап айтты. – Бұл мектептерді жабу немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдауда барлық оң және теріс жақтарды өлшеп, балаларды тасымалдау немесе тиісті мекемелерде тұруын, олардың әлеуметтік бейімделуін, педагогтардың жұмыспен қамтылуын және басқаларды ойластыру қажет. Мектептердің бүгінгі күні жабылатынын бірден айтуға келмейді. Бұл мәселе бойынша білім беру бөлімі, ауылдық округ әкімдері қосымша жұмыс жасайды. Ал, соңғы шешім аудандық мәслихат хатшысы Р.Беспаевтың, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбеновтың, жауапты орынбасар К.Смаилованың қатысуымен өтетін жұмыс кеңесінде қабылданады, - деп қорытындылады Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Аудан әкімі ауданның құрама командасының Халықтық ойындарға қатысуға даярлығы туралы ақпаратты тыңдай келе, орын алып отырған кемшіліктерді көрсетті. Сондай-ақ, ол команданы жаттықтыруға қолайлы жағдай жасау, спортшыларды жататын орынмен, жеткізу және алып жүруді қамтамасыз етуді талап етті. – Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы мен жауапты орынбасардың міндеті – үздік үштіктің қатарына ену, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Аудан әкімі өз орынбасарлары Р.Сағындықов пен А.Әкімоваға ауданнан облыстың тұрақтандыру қорына көкөністерді жеткізу бойынша, сонымен қатар сол іспеттес қорды ауданда құру жөнінде тапсырма берді. Ол туристік маусымның ашылуына баса назар аударып, қызмет көрсету саласын дамыту үшін белсенді қимылдар жасауды талап етті.
Лайлы су қоймасы жағасында орын алған қайғылы оқиға туралы айта келе, аудан әкімі қауіпке жол бермеу мүмкіндігі болғандығын атап көрсетті. Балалардың қаза табуында «Шығыс су қоймалары» бөлімі қызметкерлерінің, учаскелік инспектордың және ТЖ бөлімі қызметкерлері мен Самар ауылдық округ әкімдігі аппараты жұмысшыларының кінәсі бар. Соңғы үкімді құқыққорғау органдары шығаратыны белгілі. Алайда, ата-аналардың қайғысын онымен жеңілдете алмаймыз.
Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі аймақ экономикасының үдемелі дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалардың толық және дер кезінде орындалуына баса назар аударды.
Надежда ШАРОВА
Белгіленген кестеге сәйкес маусым айының алғашқы сәрсенбісінде аудан әкімі Д.М.Мусин Самар ауылында азаматтарды қабылдады. Бұл жолғы қабылдауға келген халықтың қарасы мол болды. Бірақ, азаматтарды толғандырған мәселелердің шоғыры өзгеріссіз қалды.
Жер қатынастарына қатысты мәселелер іс жүзінде әрдайым басты назарда тұрады. Өсімдік шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру барысында даулы сұрақтармен қатар, жер телімдерін алу мәселесіне қатысты сауалдар туындайды. Оларды шешу үшін аудан әкімі жер қатынастары бөліміне жағдайлар орын алған жерлерге барып, істің қыр-сырымен танысуды тапсырды.
Материалдық көмек көрсету бойынша қаралғандарды сараптай келе, отбасылардың тұрмыс жағдайының төмен болып келуінің басты себебі – алкоголдік ішімдіктерге салыну екенін атап өткен жөн. Шындығына келгенде, бұдан бірінші кезекте балалар зиян шегеді. – Осы іспетті мәселелерді бір реттік көмекпен шешу мүмкін емес. Бұл жерде қоғамдық ұйымдар, құқыққорғау органдары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бірлесе жұмыс атқарулары керек, - деді аудан әкімі. – Сонымен қатар, егер отбасы өмірдің қиын жағдайларына тап болса немесе егер қымбат бағалы ем қабылдау қажет болып жатса, бұндай жағдай кейінгіге қалтырылмай, бірден шешіледі.
Меншіктендіруге рәсімдеу бойынша сапасыз атқарылған жұмыстар әлі өз салдарын көрсетуде. Көптеген тұрғындардың жылжымайтын нысандарға иелік ету үшін құжаттары жоқ. Оларды алу үшін де қиналып жүрген жайлары бар. Аудан әкімі түсіндірме бере кетіп, тиісті қызметтерге ақпараттық көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, қабылдау барысында тұрғын үй, жұмысқа орналасу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында несие алу мәселелері көтерілді.
Аудан әкімінің қабылдауында азаматтар тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауға алынды, аудандық қызметтер мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.
Надежда ШАРОВА
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.