Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына санаулы уақыт қалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде Жеңістің жетпіс жылдығын тойлауға дайындықты бүгіннен бастауымыз керектігін атап өткен болатын. – Біз сол сұрапыл соғыста Отан үшін өр кеуделерін отқа тосқан әр жауынгерді еске алып, оларға тағзым жасауға міндеттіміз, - деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы.

Аудан әкімі Д.М.Мағауяұлының бастамасы бойынша біздің аудандағы дайындық жұмыстары Палатцы ауылдық округінің Подгорное ауылында шоғырланған. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Кеңес одағының үш бірдей Батыры аталған шағын, шалғайдағы ауылдың тумалары болып келеді. – Жерлестеріміздің қаһармандық істері мәңгі сақталып қалуы үшін біз Жеңістің мерейтойына дайындалу барысында барлық тиісті шараларды жасауымыз керек. Ардагерлеріміз адал ниетті қамқорлығымыз бен көңілімізді сезінулері қажет, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. – Әр жауынгердің қаһармандылық, жүректілік және қайсарлық істерінен батырлық әңгімелер мен ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы ортақ естеліктер қалыптасты. Олардың Отанға деген махаббаты мен патриоттылығы – бүгінгі өскелең ұрпақ, жастарға үлгі болар өнеге. Ал біздің мақсатымыз осы баға жетпес мұраны сақтап, соғыс, деректер мен жаужүрек батырлар туралы шындықты ізімізді басып келе жатқан ұрпаққа жеткізу.

-Подгорное ауылы тарихи нысан ретінде ауданның туристік кластерінен өз орынын алмақ, - аудан әкімінің алға қойған міндеті осындай. – Бұл жер саяхаттап келушілер үшін қызықты, сәулеттендірілген, көздің жауын алатындай болуы қажет.

Аталған бастаманы басшылыққа алып, бірінші болып қолдау көрсеткен – аудандық Жастар орталығы. Олар үндеуге үн қосып, 11 шілде күні Көкпекті, Преображенка, Көкжайық ауылдары жастарынан, барлығы 30 адамнан құралған десантты үш Кеңес Одағының батыры шыққан жерге қондырды.

-Біз тыл еңбеккерлеріне үй маңындағы аумақты қалыпқа келтіріп, абаттандыруда – қоршауларды, қашаларды сырлау мен орталық көше бойындағы талдарды әктеуде көмек қолын созуға келдік. Өкінішке орай, ауылда соғысқа қатысқан бірде-бір ардагер қалмапты, - дейді Жастар орталығының директоры Дархан Бердібек. – Біздің басты мақсатымыз – жастарды ауыл тарихына қанық қылып, оның қайнар көзіне жақындата түсу. Жастардың көбі бұл жерге алғаш аяқ басып отыр. Сондықтан, олар үшін бұл – нағыз жаңалық.

Ауылда тыл еңбеккерлерінің 11 отбасы тұрып жатса, олардың ішінде 5-еуі жалғыз басты қариялар. Міне, келген жастар дәл солардың үйіне қарай бет алды. Жастардың жұмысына Палатцы ауылдық округінің әкімдігі де қолғабыс жасап, қажетті құрылыс материалдарын – әктас, майшыт, түрлі бояулар ұсынды.

Күннің қапырық ыстығына қарамастан, жастар өз телімдерінде бар күш-жігерлерін сала отырып еңбектенді. Нәтижесінде бір күннің ішінде Л.Писмаркина, Е.Бекбаева, П.Каштанов, А.Докучаев және Н.Қалиақперова сынды тыл ардагерлерінің қоршаулары тиісті қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, орталық көшенің талдары мен бағандары ақталып, Даңқ Мемориалының төңірегі арамшөптен тазартылды.

Тыл еңбеккері Петр Каштановтың жұбайы Мария Ивановна егде жастағы адамдарға осылай қамқорлық танытып, көңіл бөлгендері үшін, шағын жөндеу жұмыстарына айтарлықтай көмек жасағандары үшін жалынды жастарға жүрекжарды алғысын білдірді. «Сендер қайырымды іс жасап жатырсыңдар. Сол үшін де жастарға көп рахмет!».

Ұлы Отан соғысына қатысты оқиғалар желісі жылдан жылға бізден жылыстаған сайын, олардың маңызы арта түсуде. Біздің ата-бабаларымыз, еліміз, халқымыз бетпе-бет келген осындай қайғылы жағдайды әр адам жан-тәнімен сезініп, оның маңызын ұға білуі керек. Міне, осы сезім бізді Ұлы Отан соғысы Жеңісін лайықты түрде атап өтуге жетелеп қана қоймай, оның моралды-өнегелі негіздерін мәңгілікке бекітуге септігін тигізуі керек. Себебі, осылар Қазақстанымыздың дамуына үлес қосып, болашаққа деген сенімділікті бекіте түседі. 

Қанат  АПСАДЫҚОВА

8 шілде күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалық етуімен аппараттық кеңес болып өтті. Күн тәртібінде қосымша қорлардың түсімі, жастар саясатын жүзеге асыру, әлеуметтік инфрақұрылым ғимараттарының қолжетімділігіне паспорттау жүргізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, ауылдық округтердің арасында өткізілген абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша екіайлықтың қорытындысы шығарылды.

Толығырақ...

ҚОСЫМША РЕЗЕРВТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ 

Облысәкімінің 4.05.2014 жылғы № 6651 хаттамалықтапсырмасынорындаужәнеауданәкімінің 12 мамырдағысалықбазасынұлғайтужәнеішкікірістердікөбейтужолынқарастыру, «көлеңкелі» экономикаменкүрес, өндіріскөлемінарттырутапсырмасытуралыәңгіме2 шілдекүніМиролюбовкаауылдықокругітұрғындарыныңжиынындажалғасынтапты.

Толығырақ...

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз.Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекенінеайналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Елдің төрі – Елорда - елдіктің берік іргетасы,елдіктің бейнесі,ғасырлар толғағының ғаламат туындысы. Бұл шаһар Елбасының көрегендігі мен қарапайым еңбек адамдарының арқасында бой көтерді. Қазіргі таңда Астана тек алып мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының, жаңғыруының символы. Арман мен үмітті, қазақстандықтардың жарқын болашағын байланыстыратын қала. Бұл - әлемдік деңгейдегі қала құрылысындағы ең үздік, ең батыл сәулеттік жобалардың, ерекше идеялардың жүзеге асқан жері.

Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл - біздің ортақ жетістігіміз. Еліміздің жүрегі Астана қаласы барша ұлт пен ұлысты бауырына басқан бақ пен бейбітшіліктің жерұйығы болудан танбасын! Қуанышқа толы мереке күні сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Д.Мусин, Көкпекті ауданының әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы 

 

Келесі 2015 жылы бүкіл әлем Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ерен Ерлік пен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызы мен қадірін барлық адамзат баласы жақсы біледі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлердің жемісі. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік тарихи сәт.

Көкпекті ауданындағы шағын ғана Подгорное ауылының қасиетті топырағынан нәр алған үш бірдей асыл азаматтарымыз Ұлы Отан соғысының Батыры атағын иеленді. Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович және Яроцкий Иван Михайлович сынды жерлестеріміз ел тарихында өшпестей із қалдырды. Дәл осындай отансүйгіштік, елі мен жері үшін жанын берген патриоттылық, Отан алдындағы антына қасық қаны қалғанша адал болған ерліктің үлгісі облысымызда, тіпті қазақ елінде бірден бірегейі болып отырғаны біз үшін зор мақтаныш. Біз, бейбіт күнде өмір кешіп отырған қарыздар әрі парыздар ұрпақ осындай жерлестеріміздің ерлігіне тағзым етіп, басымызды иеміз.

Бүгін бейбітшілік пен ынтымақты елде өмір сүрудеміз. Тарих беттерінде қалған қанды соғыс енді ешқашан қайталанбауы тиіс!

Құрметті жерлестер!

Елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге ауқымды дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданында ерлік пен қаһармандық мерекесін үш Батырдың мекені – Подгорное ауылында ерекше атап өту жоспарланды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу үшін қолдан келген барлық жағдайды жасау - баршамыздың борышымыз. Өскелең ұрпақ жеңімпаз ардагерлердің жанқияр ерлігін біліп, құрметтеп,  Отанды қалай сүю керектігін үйренуі керек. Барлық шаралардың басты мақсаты – ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отырып, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Құрметті  шығысқазақстандықтар! Барлығымыз жұмыла отырып, бірлік - берекемен Ұлы Жеңістің құрметіне орнатылған ескерткіш монументтерді қамқорлыққа алып, қараусыз қалғандарын қалыпқа келтіріп, әлеуметтік нысандарды заманға сай түрлендіріп, ауылдарымызды көріктендірейік, әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған облыстық іс – шараларды өткізуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

 

Подгорное ауылының тұрғындары,

ШҚО, Көкпекті ауданы,

Палатцы ауылдық округі

РЕКВИЗИТТЕР:

«Көкпекті аудандық «Асар» қайырымдылық қор» қоғамдық қоры.

БИН 100540003667

ИИК KZ156010151000127715

Код 18

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз