Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы жақындаған сайын ардагерлерге деген сый-құрмет легі арта түсуде. Жер-жерде Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметтеліп, түрлі мерекелік шаралар өткізілуде. Құттықтаулар мен жылы лебіздер, мерейтойлық сыйлықтар толастар емес. Алайда, Отан үшін от кешкен ерлерге қандай сый-құрмет көрсетсек те артық болмас!
Ауданымызда қастерлі де қасиетті мерейтойды лайықты қарсы алуға бағытталған жұмыстар осы негізде жүзеге асырылуда. Әз Наурыз мейрамында үш бірдей соғыс ардагері баспаналы болса, таяуда ғана тыл ардагерлері мерейтойлық медаль тағынды. Бейбіт күн үшін күрескен жеңімпаз жауынгерлер кезекті құрмет белгісін зор мақтаныш, үлкен толқыныспен қарсы алды.
Толығырақ...«Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық!» - деп басталатын дала қоңырауын қаққан, білім нұрын шашқан Ыбырай Алтынсарин атамыздың осы өсиетінің басты жолын білмей өскен кезіміз де болды заманында. Егемендікке қол жетіп, Тәуелсіздік туын көтергелі шашылғанымызды жинап, ұмыт болғанымызды жаңғырта бастадық. Күллі қазақтың қасиетті төрі Түркістанымызды иманымыздың көркі, дініміздің төрі, рухани астанамыз екенін де танып-біліп, табыстық. Биыл Түркістан облысы құрылғалы 5 жыл толғанда әулие Бөдес атамыз жатқан жерден, от ауызды, орақ тілді Кегенбай атамыз туған елден, Жомарт батыр ту көтерген белден ұрпақтары қасиетті Түркістанға бет бұрды.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың қолдауымен Тассай ауылдық округінің өнерпаздары Түркістан қаласында өз өнерлерін көрсетіп қайтты. Осы сапарға демеушілік еткен ауданымыздың беделді азаматтары - Ержан Тұрсынханұлы, Гүлназ Құдайбергенқызы, Бахтияр Жанатұлы, Марат Қалиханұлы, Жұмабек Құрмашұлы, Бақытжан Болатханұлы, Айдын Еркінұлы, Ильнур Фархатұлы, Берік Қанаұлы мен Ғабиден аға мен мәрт жүректі Қайрат мырза болды.
Толығырақ...
Көкпектілік жеткіншектер көненің көзі жетіген аспабын меңгеріп жүр. Оқушылар шығармашылық сарайында көп ішекті шертпелі аспап - жетіген үйірмесі жұмыс істейді. Сиқырлы сазды ұлттық аспап үйірмесінің жетекшісі - Мәншүк Сейтқазы.
Оқушылар шығармашылық сарайында жетіген үйірмесі аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен ашылған.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.