ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы жақындаған сайын ардагерлерге деген сый-құрмет легі арта түсуде. Жер-жерде Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметтеліп, түрлі мерекелік шаралар өткізілуде. Құттықтаулар мен жылы лебіздер, мерейтойлық сыйлықтар толастар емес. Алайда, Отан үшін от кешкен ерлерге қандай сый-құрмет көрсетсек те артық болмас!

Ауданымызда қастерлі де қасиетті мерейтойды лайықты қарсы алуға бағытталған жұмыстар осы негізде жүзеге асырылуда. Әз Наурыз мейрамында үш бірдей соғыс ардагері баспаналы болса, таяуда ғана тыл ардагерлері мерейтойлық медаль тағынды. Бейбіт күн үшін күрескен жеңімпаз жауынгерлер кезекті құрмет белгісін зор мақтаныш, үлкен толқыныспен қарсы алды.

Біздің ардагерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар Ұлттық Банк арнайы шығарған «Ұлы Жеңіске - 70 жыл» мерейтойлық ескерткіш күміс монеталарды сыйға алды. Монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, “proof” сапасымен жасалған. Ел аумағындағы барлық таралымы 7 мың дананы құрайды. Монетаның реверсінде Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін «1945» деген жыл атауы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген жыл атауы орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 70 ЖЫЛ», орыс тілінде «70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазба бейнеленген және шығыңқы жиек жүргізілген.

Қорғаныс бөлімінің басшысы Ринат                        Абдрахманов, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Жадрин, Әділет басқармасының басшысы Қанат Ілиясов аудан орталығында тұратын ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, мерейтойлық монеталарды табыстады. Жеңімпаз жауынгерлер Бирюков Илья Иванович, Мұстафа Халиуллин, Аркадий Түсіпбеков, Цепков Петр Иванович өздеріне деген құрмет белгісіне аса ризашылықтарын танытып, шын көңілмен алғыстарын жаудырды.

Майдангерлерге естелік монеталарды табыстай отырып, қорғаныс бөлімінің басшысы жүрекжарды тілегін жеткізді. – Біз Сіздердің алдарыңызда төбеміздегі ашық аспан мен бейбітшілік заман үшін мәңгілік қарыздармыз. Сіздердің ерлік жолдарыңыз бен жеңімпаз рухтарыңыз өскелең ұрпақ үшін өшпес өнеге. Ерлік істеріңіз бен қайсарлықтарыңыз бүгінгі отанқорғаушы сарбаздарға үлгі, - деді Ринат Жақанұлы. Бұл – мерейтойлық шаралардың бір бөлігі ғана. Жеңімпаз жауынгерлер ерлігі толассыз мадақталмақ.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз