Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қауіпті вирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцина. Мұны аудан тұрғындары жақсы түсініп келе жатқанын Көкпекті аудандық ауруханасының егу пункттеріне барып куә болдық. COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында оған қарсы екпе салдыру науқаны жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданында COVID-19-ға қарсы вакцинация басталған сәттен бастап бір айдан астам уақыт өтті. Естеріңізге сала кетсек, біздің өңірде қатерлі індетке қарсы егу жұмыстары наурыз айында басталды. Алғашқы кезекте медицина қызметкерлері мен мұғалімдер салдырды. Біздің ауданда коронавирусқа қарсы вакцина алу мен екпе жұмыстарына деген қызығушылық өте үлкен, бұл қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Сондықтан біз оны газетіміздің беттерінде үнемі жариялап отырамыз.
14 сәуір күні Көкпекті ауданына Семей қаласынан 600 доза көлемінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасының I компонентінің екінші партиясы келді. Ал Самарға вакцинаның 580 данасы бөлінді. Сол күннен бастап вакцина салудың екінші кезеңі басталып, 30 адам екпе салдырды. Алғашқылардың бірі болып аудандық маслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов өзінің азаматтық борышын орындап, індетке қарсы екпе алды.
Вакцина алуға келген ұстаздар қауымының арасынан Мамай ауылындағы Аманкелді орта мектебінің директоры Серік Тұрсынғазыұлы: - Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін әр мұғалім жа-уапты. Сондықтан вакцина алуды өзімнің азаматтық міндетім мен борышым деп санаймын. Бүгінгі күні Аманкелді орта мектебінің ұжымында шамамен 36-ға жуық адам қызмет істейді. Солардың барлығы екпе алуға өз еркімен келіскен. Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын. Әлемді жайлаған індеттің таралу қауіпін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз», - дейді мектеп директоры Серік Қалдыбаев.


«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиолог Е.Сорокина вакцинациялаудың I компонентін салдырудың екінші кезеңін бір апта ішінде аяқтау жоспарда екенін айтты. Ол аяқталғаннан кейін ауруханаларға вакцинаның II компоненті келеді. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация толығымен тегін және ерікті негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта вакцинация алғандардың негізгі тобы мұғалімдер. Сонымен қатар ниет білдірушілер қатарынан басқа да санаттағы азаматтар бар, олардың арасында зейнеткерлер де кездеседі. Анна Ярославовна Дудинова, зейнеткер, Көкпекті ауылы:
Осы залдағы ең жасы үлкен екпе салдырған адамның бірі Анна Ярославовнамен сөйлестік. 71 жастағы зейнеткер: - Вакцина қазіргі медицинаның ең үлкен жетістіктерінің бірі болып саналады. Менің ойымша, бізге COVID-19 вакцинациясы қажет. Екпе алу арқылы біз коронавирус инфекцияның таралуын тежейміз және әдеттегі өмірге ораламыз. Біздің денсаулығымызға қамқорлық жасағаны үшін мемлекетке рахмет. Вакцинаның I компонентін алғаннан кейін мен өзімді жақсы сезінемін,– дейді қария.
Вакцинаны алуға болмайтын жағдайлар бұл - жүктілік, әйелдің ағымдағы айда баланы жоспарлауы, сондай-ақ өткен кез келген вакцинацияға күшті аллергиялық реакциялардың болуы.
Көкпекті аудандық ауруханасы барлық ниет білдірушілерді дүйсенбіден жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ресейлік Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен («Спутник V») коронавирус індетіне қарсы екпе алу үшін емханаға шақырады. Екпе алу үшін 2-02-34 телефоны бойынша жазылуға болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз