Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров және Кеңсе басшысы Н.Ш.Исмаилов қызметтік сапармен Көкпекті ауданында болып қайтты. Облыстық сот төрағасы мәжіліс залында аудан әкімі Р.Н.Сағандыков, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, ақсақалдар алқасы төрағалары, сот ұжымы және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.

Досжан Сарманқұлұлы аудандық соттың жүргізіп жатқан жұмыстарымен нақты таныстыра отырып, сот төрелігін атқаруға және соттың жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын түсіндірді. Сот төрағасы өз сөзінде, біздің мемлекетіміздің саяси ұжымдарының бірі, ол құқықтық реформаны қамтамасыз ету, Қазақстан қоғамын демократиялау, халықтың сот жүйесіне деген сенімін көтеру екендігін тілге тиек етті.

Жиында сот әділдігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, медиаторлармен тығыз жұмыс жасау, «Сот кабинеті» электрондық сервисін насихаттау жұмыстарын жүргізіп, бұл сервис арқылы талап арыздарды қабылдауды жоғары деңгейге жеткізу керегі және де сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану бойынша мәселелер қаралды.

- Еліміз қарқынды дамып, экономикамыз өркендеп келеді. Әлемнің алпауыт елдерімен терезесі тең серіктестік қатынастамыз. Осы орайда сот жүйесі айтарлықтай жетілуде. Дау-жанжалға төрелік етіп, халыққа қызмет көрсетеміз. Төрелік айтып, билік шешім қабылдау үлкен мәртебе. Бұл үрдіс біздің тарихи қалыптасқан даңғыл жолымыз. Дала билері, дара билері көпшікке танымал болған. Осы жауапкершілігі мол дәстүрді жалғастыру бізге аманат. Қазіргі уақытта сот қызметіне талап мықты. Елбасының өзі үнемі назарында ұстайды. Облыстық сот жүйесі бүгінгі уақыт талабынан шығып отыр. Былтырғы көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатардамыз. Бұл жұмыс алдағы уақытта тек қана жетілдіріліп отырады. Басты назар соттардың жұмысындағы ашықтыққа аударылмақ. Кез келген азаматқа, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне есігіміз әрқашан ашық. Баспасөз бетінде жүргізілген жұмыстар туралы үнемі ақпарат жарияланады, - дейді Досжан Сарманқұлұлы.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбенов барлық көкпектіліктердің атынан Досжан Сарманқұлұлына алғыс білдіріп, жаңа жұмыста жарқын жетістіктер тіледі.

Көкпекті аудандық сотының ғимаратында облыстық сот төрағасы азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Азаматтарға сотта іс жүргізу заңнамаларына сәйкес, тиісті сот сатыларына төменгі сот сатыларының шешімдеріне шағым келтіру туралы құқықтары мен шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Дархан БЕРДІБЕК

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз