Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13 мамырында аудандық әкімшілікте Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті заңдық-құқықтық актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.С.Сметованың қатысуымен мәслихаттың заңдық-құқықтық актілерін, сондай-ақ әкім-дер мен әкімшіліктің заңдық-құқықтық қау-лыларын қабылдау мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға аудандық маслихат хатшылары, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай аудандарының маслихат аппаратының басшылары, ауылдық округтің әкімдері, жеке және заңгерлік бөлімдер басшылары, аудандық әкімшілік аппаратының заңгерлері қатысты.

Көкпекті аудандық әкімдігінің аппарат басшысы Р.Кемербаева қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде бұл семинардың маңыздылығы мен мәнділігіне тоқталды. Заңдық-құқықтық актілерді іс-тәжірибе жүзінде қолдану өзекті мәселелердің бірі. Семинар Әділет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Аталмыш мәселе бойынша барлығымыз бірге туындаған қиындықтардан шығудың жолын тауып, жұмыс сапасын арттыруымыз қажет.

 

Тасима Сметовна өз сөзінде аудандық маслихаттың, жергілікті атқарушы органдардың заңдық-құқықтық жұмыстарына толықтай сараптама жасады. Сонымен қатар, заңдық-құқықтық актілерді қабылдау кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың жіберген кемшіліктері мен олқылықтарын қатал сынға салды. Осы құжаттарды толтырған жауапты тұлғалардың жіберген қателерінің кесірінен, заңдық-құқықтық құжаттың жарыққа шығуы кешеуілдейді және Әділет Министрлігінде талқыға ұшырайды. Аудандық мәслихаттағы тағы бір ахуалды мәселелердің бірі, ол тәжірибелі заңгер мамандардың жетіспейтіндігін де айтып өтті.

Семинар барысында сөз алған, Көкпекті, Зай-сан, Жарма, Тарбағатай аудандарының өкілдері жергілікті жерлерде өздері жүргізіп жатқан істері және келешектегі жұмыс жоспарлары төңірегінде әңгіме өрбітті

Жарма аудандық мәслихаттының хатшысы Н.Есболов Т.Сметеваға Әділет басқармасындағы өз ісінің білгір маманы және мінсіз еңбегі үшін аудандық маслихаттардың құрылғанына 20 жыл толуына арналып жасалған мерейтойлық медальді табыстады.

Семинар соңында облыстық департаменттен келген өкіл қойылған сұрақтарға жауап беріп, керекті нұсқаулықтар ұсынды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз