Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтар қашанда қадірлі. Ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Отан алдындағы қасиетті парыздарын абыроймен ұзақ жылдар қатарынан атқарып жүрген қызметкерлер ортамызда. Олар ауданымыздың жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, оларды әскери қызметке дайындау, мерзімді әскери қызмет, келісімшарт бойынша қызмет етулеріне, әскери оқу орындарында оқып, өмірден өз орындарын табуға зор үлестерін қосып жүрген жандар.

Олар тынымсыз еңбек етіп, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге өздерінің лайықты үлесін қосып, әріптестеріне, жас мамандарға үлгі болуда. Тәуелсіз еліміздің Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында осы саладағы өлшеусіз еңбектерімен еленіп жүрген азаматтардың ыстық ықыласы мен құттықтау тілектерін жеткізуді жөн деп білдік.

Өгізбаев Рысбек, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде аға көмекші: - Аталмыш салада 20 жыл бойы қызмет етудемін. Биылғы мерейтойларға толы жылы барша отандастарыма, көкпектілік жерлестеріме ізгі лебізімді білдіргім келеді. Санаулы күндерден кейін атап өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен аудандағы соғыс және тыл ардагерлерін шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгідей тәуелсіз, бірлігі жарасқан бейбіт елде өмір сүруіміз қаһарман ерлердің арқасы. Оларға әлі де мықты денсаулық, бақытты да ұзақ өмір сүріңіздер демекпін.

Увахиев Александр, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде аға көмекші: - Қорғаныс саласында 1990 жылдан бері табан аудармай қызмет етіп жүрмін. Жауапкершілігі жоғары, өзіме жүктелген міндеттерді мүлтіксіз атқарғаным елеусіз қалмай, бірнеше рет аудан, облыс әкімдерінің грамоталарымен марапатталдым. Алда келе жатқан мерекемен құрметті ардагерлерімізді, әріптестерімді құттықтаймын.

Көккөзов Қадырқан, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде көмекші: - Осы салада 1992 жылдан бері жұмыс атқарудамын. Қазақстанның қорғаныс ісіне әріптестермен бірге өзімнің де қол ұшымды тигізіп жүргеніме қуаныштымын. Алдымыздағы қос мереке аясында барша ардагерлер қауымына, жерлестеріме ыстық лебізімді жолдаймын.

Құмашева Гүлмира, шақыру және әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша жинақтау бөлімшесінің маманы: - Аудандық қорғаныс бөлімінде 20 жылға жуық қызметтемін. Негізгі атқаратын жұмысым - жасөспірімдерді әскери оқу орындарына баруға, келісімшартпен әскери қызметке орналасуына бағыт-бағдар берумен шұғылдану. Бүгінгі таңда әскери қызметке деген жас бозбалалардың қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Отан қорғау саласындағы әскерилердің барлығын мерекемен құттықтағым келеді. Бейбіт өмір жалғаса берсе екен.

Әбділова Қаламқас, техникалық қызметкер: - Осы мекемеде тапжылмастан 29 жыл бойы тазалық жүргізіп жүріп, зейнет жасына да жетіппін. Тәртіп пен жауапкершілікті қатар алып жүретін ұжымда жұмыс істеу әрдайым қолайлы. Алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Отан қорғаушы күні мерекесі құтты болсын.

Жазып алған ҚР Қарулы күштерінің қызметкері М.Жақыпбаева

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз