Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібі бұзылғанда адам өміріне қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында, қалай болса солай доп қуалайтыны, шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаған жөн.

«Шуақты шұғыла» балабақшасындағы «Айгөлек» тобында Көкпекті ауданы полиция әкімшілігі бөлімінің орынбасары Қайрат Алғазиновтың қатысуымен бүлдіршіндердің жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру және ойда сақтауға білуге үйрету, тәртіптілікке сақ болуға, көшеде өздерін ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатын көздеген ойын сабағы өтті.

Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол макеті сияқты көрнекіліктерді қолданып, Қайрат Алғазинов балдырғандармен «Бағдаршам», «Көшеде сақ бол» ойындарын ойнатты және бағдаршам туралы әңгімелеп берді. -Бағдаршам қалалы жерлерде көшеде тұрады.Көшеде жүретін көліктердің жүрісін реттейді. Машиналар көшеде соқтығысып қалмау үшін адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Ал, енді балалар тақтадағы жол  белгілерге назар аударыңдар, - деп Қайрат ағалары балаларға жол белгілерінің мәнін түсіндірді.             Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба.

Келесі кезекте бүлдіршіндер тәрбиешілері үйреткен «Бағдаршам» туралы тақпақтарын, «Қалада көлік көп» әнін және «Жүргізушілер биін» билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндердің тәп-тәтті қылықтары мен әппақ қардай пәк көңілдерінен шыққан сөздері көрермендерді риза етті.

К.Баяхметова, Г.Бекбаева, тәрбиешілер, «Шуақты шұғыла» балабақшасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз