Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Н.Жаныбекова 2019 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасының м.а. Н.Жаныбекова Көкпекті аудандық сотының 2 тоқ-сандық қортындысы бойынша атқарған жұмыстарын баяндап, өткен кезеңде 9 қылмыстық іс, 86 азаматтық және 148 әкімшілік іс қаралғанын айтты.
Аталған мерзімде Көк-пекті аудандық сотымен 46 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 17 азаматтық және 29 әкімшілік іс қамтылған, ол жалпы сотпен қаралған істің 18,9 % құрайды.


Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртіпте қаралатын 98 арыздың барлығы дерлік аталған сервис арқылы түскен болса, ол 100% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін мәлім етті.
Сот төрағасының м.а. Н.Жаныбекова бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын айта келе, 2019 жылдың екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 22 мақала, облыстық соттың сайтында 15, аудан әкімінің сайтында 22 пресс-релиз жарияланғанын, семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел сынды шаралар сотта және басқа мекемелерде үнемі өткізілетіндігі туралы тоқталды. Судьялар мен сот мамандарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында ешқандай сыни мақалалар жарияланбағанын айтып өтті.

Көкпекті аудандық
сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз