Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы Заңы 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданып бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда.Медиация ұлтты, біріктірушілік қызмет атқарып отыр.Дауды (дау-шарды) шешу медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету.Ел бірлігі демекші бірнеше жылдан бері медиацияның ел ішінде дамуын, кең таралуын насихатын арттыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істейді.Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде.
Қазіргі күні Самар ауылдық әкімшілігінің ғимаратында «Ақсақалдар кеңесі» құрылған. Сотқа дейінгі дауларды сол кеңесте талқыланып, дауды сотқа жеткізбей, тараптарды татуластыруға есігін ашады. Ақсақалдар кеңесі сәуір айынан бастап өз жұмысын атқарып, нәтижесінде неке бұзу, қарызды өндіру сатысында тараптар татуласып, сотқа түсірген арыздарын дауды медиация тәртібінде қысқартып, алуда.


Тарих қыртысына үңілсек, ондай мысалдарды көптеп табамыз.Аузы дуалы атақты Қазбек,Төле ,Әйтеке билердің болғаны мәлім. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Қазақ қашанда сөзге тоқтаған халықпыз «Алдыңа келсе атаңның құны болсада кеш», «Ер шекіспей,бекіспейді»,- деген мақалдар соның көрінісі. Дауды бітімгершілік жолмен шешкен ел ақсақалдары, халқымыздың бірлігін сақтаған. Қазіргі таңда медиацияны бірдеңгейде қолдасақ халқымызға игі әсерін тигізеді.

С.Құдайберген, Көкпекті ауданының
№ 2 аудандық сотының
жетекші маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз