28 Маусым 2019

ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Ағымдағы жылдың 17-18 маусым күндері Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов сала бөлімдері басшыларының қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдады. 

Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтыған бұл қабылдауға 5 адам жазылыпты. 
Аудан әкіміне өз талап-тілектерін жеткізген көкжайықтық Данияр Орынбеков пен Өскемен қаласынан келген Гүлжанат Нағышпаевада жер мәселесі болды. Жеке кәсіпкер Даниярды мұқият тыңдаған аудан басшысы еңбек етем деп ерінбегендерге әрқашан қолдау көрсететінін айтты. Ал, әр қабылдауға жиі келетін самарлық Алена Кремер баспана мәселесі бойынша туындаған жағдайын айтты. 
Сондай-ақ, қабылдауда тағы да атаулы әлеуметтік көмек мәселесі қаралды. Теректі ауылынан келген көп балалы ана Назира Қалиасқарова аталмыш көмек алуға өтінішін білдірді.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз