Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өмірінің қырық жылға жуығы заң саласына арнаған және оны абыроймен атқарып келе жатқан жан туралы мақала жазарда әуелі ол кісінің саналы ғұмырындағы қызығы мен шыжығы мол «өмір кітабын» бір емес, бірнеше қайыра «парақтап» шығуың керек болады. Біз жеке дара отырып, тілдескенімізде, ол кісінің әңгімесіндегі шоқтығы биік ойлары және өмір жолындағы басты ұстанымы «адамгершілік» деген ұғым айналасында ұйысқанын байқадық. Содан болар, ол кісі қызметтің қай сатысында жүрмесін аяулы жар, сыралғы дос, жанашыр әріптестердің ортасында келеді. Әділет органдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында біздің бүгінгі әңгіме еткелі отырған кейіпкеріміз аудан тұрғындарына заң саласында, атап айтқанда нотариаттық қызмет көрсетуші нотариус Шәмизат Хамитқызы Мәндиева.

«Өмір-әрбір адамға баға жетпес сый-күш, жігерге толы жастықты, арман мен үмітке, тілек пен білімге, күреске, ұмтылыс пен сенімге толы жастық дәуренді береді», - демекші, 1980 жылы Талдықорған облысында Заң техникумында заңгер мамандығы бойынша бітіріп, жаңа белестерді бағындыруға бағыт алды. Ол алғашқы еңбек жолын бұрынғы Семей облысының Әділет басқармасына жолдама алып Көкпекті ауданының сотына «сот орындаушы» қызметімен бастайды. 

Ұлттық қасиеттерді қадірлейтін, рухани байлықты ардақ тұтатын отбасында өнегелі тәрбие алған Шәмизат Хамитқызының мектепте де, өмірде де үлгі тұтар ұстаздары аз болған жоқ. Олар Қанағат Ықыласов, Байқади Арғынғазин сынды заң саласындағы ағаларын мақтан тұтады.
Шамизат Хамитқызы еңбек жолында өз әріптестерінің арасында да сыйлы, беделді жан. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Шамизат апай қоғамда жүріп жатқан үрдіс істерді де назарынан тыс қалдырмайтын жан. Осы орайда, тынымсыз еңбегімен қоғамдық қатынастардың даму үрдісіне атсалысқаны үшін оның республикалық, облыстық мадақтамалары бар. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Алғыс хаты», Республикалық Нотариаттық палатасының «Құрмет грамотасы», Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының «Ветеран нотариата» деген алғыс хаты, Шығыс Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының «Құрмет грамотасы» бар.
Шәмизат Хамитқызы өмірде қара-пайымдылықты мұрат тұтқан жан. Өнегелі отбасы бар. Өмірлік серігі Ахметқали аға екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде немере сүйіп отырған үлгілі әулет. Балалары анасының жолын қуып заңгерлік мамандықты таңдаған. Үлкен қызы Арайлымның да Семей қаласында нотариаттық кеңсесі бар. Ал, Аяулым мен Алмастың мамандықтары заңгер болса да, қаржы саласында еңбек етуде.
«Әр мамандықтың өзіндік жауапкершілігі бар. Бастысы, өз ісіңе адал болсаң, абыройлысың», – дейді Шәмизат апай.
Сонымен қатар, Шәмизат Хамит-қызының жолын тек ұл-қыздары емес артынан ерген сіңілісі Жанатта әпкесінің жолын қуды. Жанатққа бар білгенін 6 жылдай жанында бірге еңбек етіп үйретті. Ал, Жанат Хамиқызы 2016 жылдан бастап жеке нотариаттық кеңсе ашып еңбек етуде.
Жанат Хамиқызы Усаева еңбек жолын 2003 жылы Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан бастап, 2008 жылы Шамизат апайдың кеңсесіне көмекші ретінде орналасады.
- Шәмизат апайды мен, ең бірінші әпкем ретінде, қызмет жолымда ұстазым ретінде қатты мақтан тұтамын. Бұл кісімен еңбек еткен жылдарда көп нәрсе үйрендім, әлі де үйренудемін, - дейді Жанат өз сөзінде. Жанат Хамитқызы өз ісінің білгір маманы ғана емес, отбасында аяулы жар, ардақты ана. Отағасы Берік екеуі 1991 жылы шаңырақ көтеріп, үш баланы дүниеге әкеліп бақытты ғұмыр кешуде.
Аудан орталығында білімді де, білгір апалы-сіңілі Шәмизат апай мен Жанаттың нотариаттық кеңселері қарапайым халыққа көмек көрсетіп қызмет етуде. Аталмыш кеңсе төмендегідей қызмет түрлерін атқарады. Олар әртүрлі (шарттарды) мәмiлелердi, шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын, куәләндырады, мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды, мұраға құқық туралы куәлiктер, сенімхаттар мен өсиеттерді куәландырады.
Заң саласында адалдығымен абыройлы болған жандарға мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға қуаныш пен шаттық, амандық, еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз