Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Қазіргі таңда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде.

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемді қамтитын бағдарлама әзірленді.
Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты. Мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар жасалынды. Осы атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылдың 18 қарашасындағы № 410-V жаңа Заңы қабылданды. Жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмауға атсалысу – мемлектіміздің әрбір азаматының борышы, яғни бұл бүкіл қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру деген сөз.
Осыған байланысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 9-шы бабында сыбайлайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтылған. Осы баптың 2-ші тармақшасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар арқылы жүзеге асырылады деп айтылған. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, құқықтық талқылаулар, лекциялар, семинарлар өткізу) және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір мемлекеттік мекеменің, сол мекемеде жұмыс істеп отырған әрбір мемлекеттік қызметшінің қасиетті борышы деп есептеймін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, бұл теріс құбылысқа төзбес мінез-құлықты қалыптастыруда, жемқорлықты болдыртпау, оған қарсы алдын-алу шараларын ұйымдастыруда ең бірінші қатарда мемлекеттік қызметшілер тұруы тиіс. Елдің келешегі мен азаматтарының лайықты өмір сүруін қамтамасыз етіп, тарихи жауапкершілікті іске асыру үшін қоғам мен мемлекет күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырып, әркез біріге жұмыс жасаса бұл істің нәтижелі болатыны кімге болсын белгілі
Біз өз мемлекеттік мекемеміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін 2017 жылға бекітілген жұмыс жоспарымыздағы іс-шараларды басшылыққа ала отырып, оның нақты және сапалы орындалуына күш саламыз. Мекеме мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оған төзбеушілік мінез-құлқын қалыптастыру біздің басты міндетіміз. Біз «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын үнемі оқып біліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, оның алдын-алуға күш-жігерімізді аямауымыз керек.
Жемқорлыққа қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізуге тиіспіз, ал мемлекеттік қызметшілер осы күресте белсенділік танытулары тиіс. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және оған төзбеушілік мінез-құлқын ұдайы қалыптастыру - әрбір мемлекеттік мекеменің, ондағы әрбір мелекеттік қызметшінің қоғам алдындағы міндеті.


Ә.Бақтиярова, Көкпекті аудандық қазынашылық
басқармасының басшысының орынбасары

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз