Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасына сәйкес, бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша мүмкіндігі шектелген жеке тұлғаларға жеңілдіктер ұсынуға қатысты ақпаратты назарларыңызға жеткізеді. Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 10.12.2008 жылғы №99-ІV кодексінің (Салық кодексі) 156-бабы 1-тармағы 13-тармақшасымен I, II, III топтардағы мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балалар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде бір жылдағы табыстары жеке табыс салығынан босату қарастырылған.


Салық кодексінің 156-бабы 13-2) тармақшасымен сонымен бірге осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның: «мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі болып табылатындығының негізінде ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері салық салуға жататын жеке тұлғалардың табыстарынан шығару қарастырылған. Көрсетілген шектегі табыстарға салық салудан босату, тоқтату немесе осындай босатуды қолдану үшін негіздер бойынша салықтық кезеңге ұсынылады. Босату келесі негіздер бойынша: - Салық кодексімен белгіленген шекте осындай түзетудің мөлшерін көрсетумен салық салуға жататын табыстарды түзетуді қолдануға арналған жеке тұлғаның өтініші; - растайтын құжаттар көшірмесін табыс еткен кезде ұсынылады.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды.
Осы баптың 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде (бес жыл) осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.
Мүлік салығы Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1500 еселенген мөлшері шегінде – барлық топтағы мүгетектер мүліктік салықтан босатылады (Салық кодексінің 403-бабы 2-тармағы (3-тармақшасы). Салық салу объектілерін пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген жағдайда жеңілдіктер қолданылмайды. Жер салығы Салық кодексінің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі: тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері; үй маңындағы жер учаскелері; өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; гараждар орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын төлеушілер болып табылмайды. Көлік құралдарының салығы Салық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер көлік құралдарының салықтарынан босатылады. Бұл норма, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу (қайта тіркеу) әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдері бар тұлғаларға қолданылмайды. Тіркеу алымдары Мемлекеттік тіркеу кезінде алымдарды төлеуден: - жылжымайтын мүлікке: мүгетектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі; - қозғалатын мүлік кепілі, кеме немесе салынып жатқан кеме ипотекасы: мүгетектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі; - авторлық құқығымен қорғалатын, шығарма құқығы: мүгетектер,
сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі босатылады. Мемлекеттік баждар Мемлекеттік бажды төлеуден: - соттардағы: талапкер мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі-барлық істер мен құжаттар бойынша; - нотариалдық әрекеттер жасаған кезде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі-барлық нотариалдық әрекеттер бойынша; - растайтын құжаттар ұсынған жағдайда азаматтық жағдайдың актілерін тіркеу кезінде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі, қорғаншылары (қамқоршылары)- туу туралы куәлікті қайтара тіркеу мен беру үшін; - зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған кезде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі; - тұрғылықты жерін тіркеу кезінде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі; - ҚР азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін, сонымен қатар ҚР шетел азаматының мекендеу түрлері мен азаматтығы жоқ тұлғалардың куәліктерін беру кезінде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі; - автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде: мүгедектер, сонымен қатар бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі босатылады.


Түсіндіру жұмыс басқармасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз