Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Медиатор сөзі біздің сөз қорымызға жақында ғана кіргенмен, бітімгер ұғымы ерте заманнан қолданыста, жалпы қазақ халқының менталитетіне жақын ұғым.
Қазіргі замандағы бітімгер - бұл медиатор. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңында медиация келесідей түсіндірілген – бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі, ал медиатор - медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.


Осы таңда «Медиация туралы» Заңын қолдануда жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, БАҚ арқылы медиацияның артықшылықтары түсіндіріліп келеді, медиация кабинеттері ашылғын. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының Самар ауылында медиация кабинеті Достық үйінде орналасқан, онда медиатор жұмысын атқарып отырған ауылдасымыз - Нуриля Шалова.
Нуриля Әскерқызы 2012 жылдың 23 тамызынан Самар ауылдық округінің атынан кәсіби емес медиатор ретінде ұсынылған. Бұл адамның тараптарды бітімгершілікке әкеліп, татуластыруда еңбегін асырып бағалау өте қиын.
Н.Шалова қазіргі таңда зейнеткер, 3 баланың анасы, 4 немере сүйіп отыр, 37 жыл бойы бір мекемеде – Самар орман шаруашылығында әр түрлі қызметтерде еңбек етіп, Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан, 2008 жылдан Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып отырған тұлға. Заты әйел болса да, ауылдық округ аумағында қоғамдық бастамамен медиатор қызметін өзіне жүктеп алған, осы күні жан-жалдың ортасына кіріп, ақысыз түрде тараптарға татуласуына себепкер болып отыр.
Атқарған қоғамдық жұмысы үшін Н.Шалова халықтың құрметіне бөленген, Президенттен, «Нұр Отан» партиясынан, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасынан, аудан әкімінен алған алғыс хаттары бар, ардагерлер ұйымының 30 жылдығына, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай тиісті медальдарға ие болды. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген халқымыз, бүгінгі күні Н.Шалова барлық білімін, өмірлік тәжірибесін түйіндеп азаматтарды табыстырып отыр.
Медиация саласы біздің ауданда да жемісін беріп отыр. Осы орайда Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында 22 медиация тәртібімен 3 қылмыстық іс, 6 азаматтық іс, 13 әкімшілік іс қысқартылған.


А.Амреева, Көкпекті ауданының
№2 аудандық сотының судьясы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз