Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы аумағында 2016 жылдың қараша айының 14-20 ара-лығында БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылғы 25 қазандағы Резолюциясына сәйкес 15 қарашада ЖКО құрбандарын еске алу күні шеңберінде «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы» мен «Есіңе ал және ойлан!» ұранымен қоғамдық акциясы өткізілуде.


Жолдағы оқиғалар жыл сайын адамдарды өлтіреді және мүгедек етеді.
Көкпекті ауданы жолдағы апаттар өлім себептерінің арасында алдағы орында тұр. Ай сайын Көкпекті ауданы ау-мағында ең кем дегенде 1 адам жол апа-тынан қайтыс болады. Олар ешқашан үйге оралмайды. Жыл сайын 25-30 адам жарақаттанады.
Көкпекті ауданы аумағында 2016 жыл-дың 10 айында 19 жол-көлік оқиғасы тір-келсе, (2015ж. - 13), оның ішінде 10 адам қаза тапқан (2015ж. - 3), 23 дене жарақатын алған (2015ж. - 23). Бұл - орасан сандар. Жол-көлік оқиғаларының негізгі түрлері болып қарсы жолаққа шығып соқтығысу және жылдамдықты асыра пайдаланып, жол жиегіне аударылу фактілері орын алған.
Апаттылықтың өсуіне жол берілген автожолдары: «Омбы-Майқапшағай» тас жолында 7 жол көлік оқиғасы, онда 5 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған, Көк-пекті - Васильевская өткелі тас жолында 6 жол-көлік оқиғасы, онда 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған, Үлкенбөкен-Үлгілімалшы ауылдары арасындағы тас жолда 1 жол-көлік оқиғасы, онда 1 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алған, Самар ауылында 1 жол-көлік оқиғасы, онда 1 адам жарақат алған, Құлынжон ауылы - Күршім өткелі тас жолында 1 жол көлік оқиғасы, онда 1 адам жарақат алған, Көкпекті - Шәріптоғай ауылдары ара-сындағы жолда 1 жол көлік оқиғасы, онда 1 адам қаза тапқан, Тассай - Үшкөмей ауылдары арасындағы жолда 1 жол көлік оқиғасы, онда 1 адам қаза тапқан, Мариногорка ауылына қарай жолда 1 жол көлік оқиғасы, онда 2 адам жарақат алған.
2016 жылдың 10 айында Көкпекті АІІБ-де жаяу жүргіншілерді қағып кету бойынша 1 жол көлік оқиғасы тіркелген, яғни 21.07.2016 жылы Көкпекті ауданы Преображенка ауылында «С» есімді азамат «Даен» моторолермен кәмелетке толмаған «Н» деген баланы қағып кеткен фактісі бойынша тіркелген.
Сол себепті ата-аналар балалардың мектептен үйге қайту барысында жол жүру ережесін сақтап қайту, сонымен қатар қыс мезгілі түсуіне байланысты көшеде жүріп бара жатып аяқтары тайып, балалардың бір-бірімен ойнауы барысында жол ережесін сақтау керектігін ескертіп отырғаны жөн.
Көкпекті ауданы аумағында жол-кө-лік оқиғасының алдын алу, жолын кесу мақсатында Көкпекті АІІБ жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция бөлімшесі жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін 644 әкімшілік жауап-кершілікке тартылған, оның ішінде келесі өрескел құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамаларын толтырған:
- ҚР ӘҚБтК 591 бабы (ұялы телефонды пайдалану) - 69,
- ҚР ӘҚБтК 592 бабы (жылдамдықты асыру) - 51,
- ҚР ӘҚБтК 593 бабы (қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау) - 226,
- ҚР ӘҚБтК 600 бабы (жаяу жүргіншілерге жол бермеу) - 2,
- ҚР ӘҚБтК 608 бабы (мас күйде көлік басқару) - 35,
- ҚР ӘҚБтК 615 бап (жаяу жүр-гіншілердің ЖЖЕ бұзуы) - 13.
Көлік жүргізушілердің қауіпсіздік бел-діктерін және автокөлік салонында балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап қалу құралдарын қолдану керек екендігіне ерекше назар аудару қажет.

А.Тұрғанбаев, Көкпекті АІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары,
полиция капитаны

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз