Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстанда 1 қазан күні Халықаралық қарттар күні тойланады. Республикада ер адамдарға зейнеткерлік жас 63, ал әйел адамдарда 58 жас болып саналады. Қазақстандық зейнеткерлерге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Елімізде қарттарды әлеуметтік қорғау жүйесі құрылған. Егде жастағы адамдарға зейнетақыларын көтеріп, әртүрлі жеңілдіктер жасалады.


Бүгін Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы Н.Нұралинов елімізде тойланып жатқан мейрамның мағынасын түсіндіріп, Қарттар күніне орай қонаққа шақырылған зейнеткер, ауылдың құрметті адамы Бикен Шайырғазықызы Абдығалымованы шақырып, оған мықты денсаулық тілеп, сыйлықпен марапаттады.
Бикен Шайырғазықызы айтқан тілектерді тыңдап, өзіне көрсетілген ықылас пен құрметті ізет тұтатындығын білдірді. Сот қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, жұмыстарына жеміс тіледі.

Көкпекті ауданының
№ 2 аудандық соты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз