Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 Қазан 2016

АРҚАЛЫ АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ

Көкпекті ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тә-уелсіздігінің 25 жылдығына орай, жерлес ақынымыз Қалихан Алтынбаевты еске алуға арналған «Жыр дүлділі - Қалихан» атты жас ақын оқушылардың қатысуымен жыр мү-шәйрасы болды.

Қалихан Алтынбаев - ерекше қа-білеттілігімен, сыршыл сезімталдығы-мен, ойының өрістілігімен, тілінің өт-кірлігімен дараланған ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнаған жан. Қалихан Алтынбаев газет тілшісі, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып істеп, қалың бұқараның ортасында жүрді. Ол қайда болса да ел ішіндегі атақты адамдардың үлгілі ісі мен шежірені, бұрынғы ақындардың мұраларын, қағытпа-қайым айтыс өлең-дерін, мақал-мәтелдерді, қысқасы бе-сік жырынан жоқтауға дейінгі әдеби мұраларды жинақтаған. Аудан көлемінде дәстүрлі түрде өтетін бұл жыр додасына Көкпекті, Теректі, Преображенка ауылдарынан жас ақындар бақ сынасты. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептен 10 сынып оқушысы Іңкәр Дәлелхан мен 9 сынып оқушысы Болатхан Құ-сайынов (жетекшілері Д.Байсеңгірова, Д.Шакербекова), Көкпекті орта мекте-бінен Қорлығайын Мерғали (5 сынып), Қарақат Досанова (5 сынып), Айдана

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз