Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кез келген дауларды сотқа жеткізбей-ақ бейбіт жолмен шешу әлемде кең тараған үрдіске айналды. Біздің елімізде де 28 қаңтар 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, қазіргі уақытта республикамыздың барлық аймақтарында кеңінен қолданылып жатыр.
Медиацианы кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жүргізеді. Кәсіпқой медиаторлар - бұл медиацианы оқытып-үйрететін арнайы орталықтарда оқып, қолдарына тиісті сертификат алған азаматтар, ал кәсіпқой емес медиаторлар – бұл жастары қырыққа толған, жергілікті халық арасындағы беделі жоғары, кәсіби емес медиаторлардың тізімінде тұрған азаматтар.
Кәсіби емес медиаторлардың тізімін аудан, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жүргізеді. Кәсіпқой емес медиатор болуға ынтасы бар, ауыл тұрғындары арасында беделді азаматтар «Медиация туралы» Заңның 16-бабының мүмкіндігін толық пайдалануға құқылы. Бұл баптың талаптары қарапайым. Медиаторлық қызмет атқарғысы келген адам жеке куәлігінің көшірмесін, наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды, соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы өзі тұратын елдімекеннің әкіміне апарып өткізсе, оған кәсіпқой емес медиатор деген атақ 10 күн ішінде беріледі.
Медиация қызметінің енгізілгеніне көп болмаса да, ШҚО Көкпекті ауданы көлеміндегі ауылдық округтерде жергілікті әкімдердің көмектерімен іріктелген медиаторлар белсенді жұмыс атқаруда. Үлкенбөкен, Тассай, Көкпекті, Биғаш, Теректі, Үлгілімалшы ауылдық округтері медиаторларының жұмыстары жақсы нәтижелер беріп жатыр. Ерекше атап өтетін медиаторлар Чалова Сайлямхан, Жұмағұлов Талғат, Бағадиев Әбен, Оразаев Алтынғазы. Бүгінгі күні аталған медиаторлардың

көмегімен тұрғылықты халық азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша туындаған дау-ларын сотқа жеткізбей және сот үстінде медиация тәртібімен шешіп жатыр. Медиаторлар өз жұмыстарымен соттарға түсетін арыздардың азаюына септігін тигізеді және ауыл тұрғындарына, сот табалдырығын ұзақ уақыт бойы таптатпай, кез-келген дауларын тез арада шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, қаражатын да үнемдейді, себебі медиация тәртібімен аяқталған істер бойынша төленген мемлекеттік баж көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылады.
ШҚО Көкпекті аудандық соты медиацияна дамыту мақсатында тұрақты түрде ауылдық әкімдердің, полиция қызметкерлерінің және медиаторлардың қатысуларымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады. Аталған іс шаралар барысында медиаторлар туындаған сұрақтарына тиісті жауап алады және өз ара пікір алмасады. Сонымен қатар, ШҚО Көкпекті аудандық соты аудан әкімі Р.Сағандықовтың көмегімен ШҚО Көкпекті ауданының 17 ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында медиаторларға арналған тиісті кабинеттер бөлінуін ұйымдастырды. Бұл іс шаралар да тиісті нәтиже береді деген ойдамын.
2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодексте татуласу рәсімдері кеңейтіліп, медиацияны тек қана медиаторлар ғана емес судьялардың өздері де өткізе алатыны қарастырылған. Медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Бірақ тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі де мүмкін. Аталған өзгерістер халықтың көңілінен шығып жатыр, себебі олардың уақытын және қаражатын үнемдейді, татуластыру процесін жеңілдетеді. Алдағы уақытта осындай өзгерістер Әкімшілік кодекске және Қылмыстық процестік кодекске енгізілсе артық болмас деп есептеймін.
Ә.Бақытбекұлы,
Көкпекті аудандық сотының төрағасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз