Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ХХІ ғасыр ақпараттық технология-лардың даму кезеңі. Ақпараттық технологиялар күнделікті тіршілікте үлкен маңызға ие. Тек жеке адамның ғана емес мемлекеттік жүйеде де маңызы зор. Осыған орай бұл тың жаңалықтарды қолдана отырып мемлекеттік қызметтерде өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл мемлекет пен азаматтардың арсындағы қарым-қатынасты жеңілдетуге үлкен үлес қосуда. Соның бірі - сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» болып табылады. Сот кабинеті дегеніміз не? Бұл сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған біріңғай терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар кез-келген ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ «Сот кабинеті» интернет сервисі арқылы электронды түрде талап арызды(арызды) беруге, шағымдар мен өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға жағдай жасайды. «Сот кабинетіне» кіру үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.
Сот кабинетін оңтайландыру мақсатында арыздар, өтініштер мен шағымдарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да жіберуге болады. Сот кабинетінің бірнеше артықшылықтары бар:
Ақпараттың қолжетімділігі;
Халықтың уақыты мен қаржысын үнемдейді;
Бюрократиялық кедергілерді жояды.
Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалар сот шешімін, үкімін, қаулысын электрондық нұсқасын көшіріп алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Р.Сүйеукенов,
Көкпекті ауданының
№2 аудандық сотының
сот приставы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз