Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 Қараша 2015

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында еліміздегі кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілеуші күшіне айналуға тиіс деген еді. «Біз алдымызға әлемнің экономикасы барынша дамыған отыз елінің қатарына қосылу жөнінде ауқымды мақсат қойдық. Қуатты экономика - кәсіпкерліктің қуаттылығы, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылығы, олардың кооперациясы. Мен отандық бизнесті қолдауды Жаңа саяси бағдардың маңызы жағынан екінші бағыты ретінде белгіледім» деді Елбасы. Сонымен бірге, ұзақ мерзімді іс-қимылға арналған бұл бағыт бірқатар жүйелі міндеттерді қамтитынына баса назар аударды.
Аудандық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Десек те, аз уақыт ішінде ілкімді істер тындырған Палата жұмысы көңілге қонымды. Бастысы - кәсіпкерлер қауымының сенім артып, арқа сүйер қамқоршысына айнала білді. Палата директоры Алия Мұқашева кәсіпкерлер үшін бірімен айтысып, бірімен тартысып мүддесін қорғауда. Өйткені, бизнес өкілінің артында ел әл-ауқатының артуы мәселесі тұрғаны белгілі. Арқалаған жауапкершілік жүгі ауыр. Соған қарамастан, Алия Орынбекқызы басқаратын Палата филиалы үлкен шаруалар атқарыпты. Оны жүзеге асырылған нақты істерден көруге болады.

Read more

ҰЛТТЫҚ АРНА ӘР ШАҢЫРАҚТА

«Миллиондар аудиториясы» атанған теле-дидардың қоғамдық санаға тигізер ықпалы ерекше екендігі мәлім. Ал осыған дейін елімізде күндіз-түні хабар тарататын отандық және шетелдік телеарналардың ұлттық әдет-ғұрпымызға жат, анайы көріністерді жиі көрсетіп, жас ұрпақ тәрбиесіне теріс әсерін тигізетіні жұртшылықтың наразылығын туғызып келгендігі де аян. Тіпті әкесі мен баласы, анасы мен қызы қатар отырып, теледидар көру қиын болып кеткені рас. Ел зиялыларының осы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көптен қағып келе жатқан дабылы далаға кетпей, жуырда “Телерадиотарату туралы” Заң қабылданды. Бұған дейін елімізде мұндай Заң болмаған еді. Енді жаңа заңнамаға сәйкес балалардың мінез-құлқы мен денсаулығына зиян тигізетін анайы көріністерге жол берілмейді. Осылайша бүгінгі қоғамымыздың көшінің бағытын белгілейтін басты темірқазығы саналатын Заң түзелгеннен кейін ел теледидары да түзелуге тиісті. Осы орайдағы бірден-бір оңтайлы мүмкіндік спутниктік сандық теледидардың отандық операторы “ОТАУ ТД”-ға қосылу болып табылады.

Бүгінде халыққа сапалы түрде ақпарат ұсынып, жемісті еңбек етіп жүрген телеарналар арасында "Отау ТД" отандық спутниктік телеарналар желісі жоғары көрсеткішке ие десек артық айтқандық емес. “Отау ТД” телехабарлары екі бағытты қамтиды. Бұлардың біріншісі «Цифрлық телехабар тарату желісі» деп аталса, екіншісінің атауы –«Спутниктік телехабар тарату желісі». Қазақстан Республикасы цифрлық хабар таратуға көшуді 2006 жылы Женева конвенциясына қол қойған соң бастады. Бұл үлгіге көшу мәселелерімен «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы айналысады.
Біз ШҚО «Қазақтелерадио» АҚ Көкпекті ауданы бойынша филиалының директоры Сергей Борщовты әңгімеге тартқанымызда ол: – Бұл қазақ тіліндегі хабарларды көріп, тыңдаушылар аумағын кеңінен қамту мақсатын көздейтін мемлекеттік маңызы бар бағдарлама. Қазіргі таңда, хабарларды ауданымызда 1923 тен астам абонент тамашалайды, – деді. Филиал директорының тағы бір айта кеткен жағымды жаңалығы сандық телеарнаны қосу үшін былтырғы жылы, арнайы неміс сапасымен қондырғылар алынған болатын. Қазір ауданда, 10 радиотелевизиялық станциялар жұмыс атқарып, 300 абоненттер сандық телеарнаны қолдануда.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз