Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық сотында тағы бір қылмыстық іс қаралды. Сотталушы А. деген тепсе темір үзетін жас жігіт өзінің алғашында жасаған қылмысы үшін қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған болатын.
Мұндай жаза алғандарды пробация қызметінің сақшылары бақылауда ұстайды. Яғни, олардың қылмысты қайталап жасамауы, тәртіп бұзбауын қадағалайды. Қоғамнан оқшаулаусыз жазасы тағайындалғандар пробация қызметінде тіркеуде тұрғандықтан, жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті бұзбай, айналасына зиян шектірмеуі бойынша бақылауға алынады. Олардың арасында үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Ал бұл жазаны өтеп жүргендер бірнеше рет тәртіп бұзса, немесе қайталап қылмыс істесе, бұрынғы белгіленген жаза бас бостандығынан айыруға алмастырылады.
Бүгінгі қаралып отырған қылмыстық істе азамат А. бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, өзінің аудан аумағынан ешқайда кетпеу туралы берген қолхатындағы уәдені орындамай, аудан түгіл облыс аумағынан шығып кеткен. Сондықтан оған іздеу жарияланып, Ресеймен шекаралас облыстың бірінен шекарадан асуға әрекет жасаған жерінде ұсталған. Енді оның ісі пробация қызметінің ұсынысымен сотта қаралып, бұрынғы жазасынан қалған бір жарым жылға уақытты жалпы режимдегі түзету колониясында атқаратын болады.
Жас жігіттің тұрақты жұмыс орны жоқ. Өзі көрші ауданның тумасы. Алғашында жеңіл жазаға кесілгенімен, өкінішке орай өзінің еркіндігін бағалай алмады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз