Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылындағы спорт мектебінің ашылғанына биыл 19 жыл. Мектеп белгілі балуан, ауыл спортының дамуына зор үлесін қосқан Аманғазы Оңғарбаевтың атымен аталады. Оңғарбаевтар әулетінде тек қана Аманғазы ғана емес атадан балаға мирас болып қалған бұл спорт түрімен бүгінгі буынға дейін айналысады. Оңғарбайұлы Қажиакпер аталары кезінде атақты балуан, күшті кісі болған. Аманғазыдан бергі Мұқаметқазы, Айдархан, Қайырғазы да талай рет боз кілемде қарсыластарын шырқ үйіріп, еркін күрестен чемпион атанғандар. Олардың барлығының спорттық дәрежелері бар. Қажиакпер атаны самарлықтар атын атамай «балуан» дейтін. Ал інісі Момбай дін жолындағы адам болды. Кеңестік кездегі атеистік сасяатқа қарамастан ол кісі дін жолынан тайған емес. Бүгінгі турнир сол аталарын және өмірден ерте озған ағаларын еске алуға арналды.   Турнирді ұйымдастырушылар Айдархан және Қайырғазы Оңғарбаевтар, демеушілері де өздері.

Бұл турнирге Ұлан, Катонқарағай, Зайсан аудандарынан, Өскемен, Семей қаларынан және

Бұқтырма, Самар ауылдарынан спортшылар қатысты. 26-58 кг-дан жоғары салмақ дәрежелерінде сынасқан балалардың арасынан бағы да, бабы да шапқандар жүлдеге ие болды. Барлық салмақ дәрежелері бойынша бірінші және екінші орынмен қатар екі үшінші орын берілді. Жүлделі орын алғандардың барлығына да ақшалай сыйлық тапсырылды. Өскемен қаласынан келген кішкентай балуан Әнуар Мұқановқа турнир Кубогы тапсырылды. Ол ең қысқа мерзімде, жақсы техника көрсетіп, жеңіске жетті. Сонымен бірге Самар ауылынан Әлішер Нұрлыбековке Самар ауылдық әкімдігінің арнайы сыйлығын округ әкімі С.Дүсіпов тапсырды.

 Ұйымдастырушылар атынан О.Сеңгірбаев, М.Марденов және басқаларына алғыс айтылды. Келесі жылы спорт мектебінің ашылуының 20 жылдық мерейтойы. Демеушілер мен спорт мектебінің ұжымы бұл шараға тыңғылықты әзірлену қажет деп шешті. Арнайы құрылатын ұйымдастыру комитеті бұл бағытта жұмыс істейтін болады. Одан ауданның спорттық ұйымдарының барлығы да сырт қалмасы анық. Турнирге балалар жақсы дайындықпен келуі үшін жаттықтырушылардың да тер төгетіні анық. Бұл алдағы атқарылатын шаруа.

 

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз