Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Подгорное ауылындағы күннің бұлтты, салқындығы оқу жылының аяқталуына орай өтетін шараның тартымдылығына ешқандай нұқсан келтіре алмады. Шағын ғана, әсем клуб үйіне мерекені тамашалауға келгендердің барлығы да сыйды. Мектеп үшін тағы да бір тарихи сәт - 25 мамыр келіп жетті. Осындай мерекенің айнала гүл атып тұрған көктем айы-нда болғаны қандай жақсы. Бұл көктем мектеп бітірушілер үшін болашаққа сенімділік пен үміт отын ұялатса, мектеп өмірінің бір парағына тағы да осы күнмен толықты.

 

Жыл сайын еліміздің бар мектептерінде мұғалімдер, ата-аналар, қонақтар салтанатты   жиында бас қосып, мектеп түлектеріне үлкен өмір табалдырығында сәттілік тілейді. Түлектер үшін бұл күні мектеп қоңырауы соңғы рет соғылып, балалықпен қоштасу сәті келеді. Биыл Подгорное негізгі мектебін екі түлек - ауданның спорттық жарыстарының жүлдегері Максим Королев пен оқу екпіндісі, мектеп өмірініе белсенді қатысушы Андрей Писмаркин аяқтайды.

Мектеп түлектері мен оқушыларына, ұстаздар мен ата-аналарға аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова сөз арнап, мектеп ұжымына, ауыл тұрғындарына Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Үш Батырдың мекенінде өткен үлкен мерекелік шарада белсенділік танытқандары үшін алғыс айтты.

- Мектеп ұжымы нағыз патриоттық сезім танытты, олар туған ауылды абаттандыруға қомақты үлес қосты, Батырлар мен ауылдан аттанған, соғыста, соғыстан кейін өмірден озған жерлестеріне қойылған ескерткішті тұрғызуда, Кеңес Одағының үш Батыры – жерлестерінің туған-туыстарын іздеуде көп жұмыс атқарды. Сіздерге зор алғыс! – деп атап өтті Клара Рафикқызы. - Бүгін барлық мектптерде салтанатты жиындар өтуде. Бұл күнді мұғалімдер де, оқушылардың ата-аналары да асыға күтеді. Мен мектеп түлектерін шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып, мектептері мен ауылдастарың мақтан тұтатындай азамат болыңдар.

Сөз соңында аудан әкімінің орынбасары мектеп директоры А.Әлімжановаға ұйымдастырушылық қабілеті, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өту шараларында көрсеткен қажырлылығы үшін аудан әкімінің мадақтамасы мен сыйлық тапсырды.

Өз кезегінде мектеп директоры ауылдастарын, мектеп түлектерін осы толқынысты сәтпен құттықтай отырып, ауыл белсенділеріне және кәсіпкер С.Мамырбаевқа Жеңіс мерекесін атап өтуде танытқан ынтымақтастқтары үшін алғыс айтып, марапаттады.

Озат білім, саналы тәрбиесі үшін мектептің бірталай оқушысы мадақтамаларға ие болды. Оқушыларға олардың алғашқы мұғалімдері Р.Шайкенова жүрекжарды тілегін арнады. Бала тәрбиесіне ата-ана да жауапты. Бір жыл бойы баласының сабағын қаратып, тәртібіне көңіл аударып, енді солармен бірге толқып тұрған ата-аналар атынан Е.Королева сөз алды.

Жиын соңында күнделікті сабақта соғылатынға ұқсамайтын айрықша қоңырау соғылды. Ол балалық пен ересек өмірдің ара жігін ажыратып тұрғандай болды. Негізгі мектепті аяқтаған түлектер: «Әзірге қош бол мектеп!» - деді.

 

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз