Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 мамыр күні Семейде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында өңір мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандарға «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ерекше атап өтерлігі, аймақ өнерпаздарына алғаш рет Абай облысы әкімінің «Руханият-2025» сыйлығы табысталды. Көкпекті ауданынан ол шараға арнайы шақыртумен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басшысы Нұрлан Болатбекұлы, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нұрлан Қайратұлы мен хореографы Нарқыз Оспанова да қатысты. Нарқыз Елубекқызы облыс әкімінің Алғыс хатын алса, Нұрлан Қайратұлы облыс әкімінің қолынан «Руханият-2025» сыйлығын алды және 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы иегері атанды.


"Бұл биылғы Ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында біздің өңірдің өнері мен мәдениетіне көрсетілген мәртебелі марапат, зор құрмет. Семей топырағы - әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен өлеңнің туын көтерген тау тұлғаларды тудырған, киелі мекен", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыстың өнерін өрлетуге үлес қосып жүрген жандарды 18 аталым бойынша марапаттады. Өнерпаздар мен мәдениет ұжымдарына «Жылдың үздік театр әртісі», «Үздік музыкалық ұжым», «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік композиторы», «Үздік дәстүрлі өнерпаз», «Үздік мәдениет мекемесі», «Үздік музей қызметкері», «Жылдың үздік кітапханашысы», «Жылдың үздік кеш жүргізушісі», «Үздік мәдениет маманы», «Үздік қолөнер шебері» «Үздік халықтық шығармашылық ұжым», «Мәдениет майталманы», «Үздік орындаушы», «Үздік би өнері», «Үздік аспапта орындаушы» аталымдары тапсырылды. Облыс әкімі өңірдегі мәдениет нысандары кезең-кезеңімен жаңғыртылатынын атап өтті.
Ал мамырдың 22 күні Көкпектіде Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Мәдениеті биік елдің - мәртебесі жоғары» атты мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған марапаттау кеші өтті. Кешті аудандық оқушылар шығармашылық сарайының ұжымы ұйымдастырды. «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл – қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымын таныстыратын музей қызметкерлерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, көрерменге мазмұнды қойылыммен ізгілік нәрін сыйлайтын театр әртісінің, өңірлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғыс айтатын кәсіби мереке. Олай болса «Мәдениеті биік елдің - мәртебесі жоғары» атты мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!»-деп бастады кеш жүргізушісі салтанатты жиынды. Аудан әкімінің орынбасарлары Ләззат Бауыржанқызы, Аслан Балабекұлы және Мақсат Сайлауғазыұлы құттықтау сөзін айтып, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басшысы Нұрлан Болатбекұлының иығына шапан жапты.
Бұл кеште аудан әкімінің Алғыс хатымен мәдениет саласында қызмет атқаратын 24 қызметкер және 5 білім мекемесі марапатталды.
Марапаттау бөлімі оқушылар шығармашылық сарайы дайындаған концерттік нөмірлерге ұласты.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз