Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Республикалық «Жайдарман-2023» ойынында еліміздің түкпір-түкпірінен бес команда бақ сынаса да, ең көп ұпай жинап, «Қыздар емес»  командасы жеңіске жетті. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында әзіл-оспақ байқауының финалдық кезеңі өтті.

Абай ауданының намысын «Қыздар емес» командасы қорғады. Оның құрамында Көкжайық ауылынан келген екі жас жерлесіміз Еркін мен Ермек сахнада өзінің тапқырлығымен және харизмасымен жеңімпаз қатарынан көрінді. Қазылар алқасының шешімімен жігіттер жеңімпаз атағын ғана емес, демеуші SANA HOLDING-тен 50 миллион теңгенің жүлдесін ұтып алды.
- Біз бұл жеңіске қуаныштымыз! Бұл жеңіс бәрімізге ортақ. Бізді қолдау үшін Астана қаласына келген жерлестерімізге үлкен алғыс айтамыз.
Өңіріміз әрдайым шығармашыл адамдарға бай болғандықтан, біз Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлына және қазір қарқынды дамып келе жатқан облыстың барша шығармашылық саласына креативті индустриясына алғысымызды білдіргіміз келеді, - деді команда капитаны Олжас Тұрғали.
Бұл финалда көрермендер екі ел арасындағы шекара, әйелдер құқығын қорғау, феминистік көзқарастар, Астана LRT, хиджаб киюге қатысты сын - пікірлерді бағалады. Сондай-ақ, балалар Словенияға қарсы футболдан Қазақстан құрамасының матчына қатысты әзіл айтты.
«3 кезең бойынша өткен ойын өте қызықты және көңілді өтті. Зал көрермендерге лық толды. Әр команданың белсенді жанкүйерлері өздерінің сүйікті командаларына шынайы қолдау көрсеткені бірден байқалды. Шығармашылық, талантты және белсенді жас ұрпақ қоғамның дамуына және жас-тар саясаты қозғалысына серпін беретіні сөзсіз», - дейді ұйымдастырушылар.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз