Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде кастинг өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған байқаудың басты мақсаты - жалпы облыс  және аудандардағы жас таланттарды іздеп, олардың шығармашылығын дамытып, дарынды жастарды анықтау.

 

Қатысуға ауданның әр түкпірінен 30-ға жуық адам өтініш білдірген. Оған 14 пен 35 жас аралығындағы кез келген адам бақ сынай алады.
Іс-шара барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті. Байқауға қатысушылар жарқын және қызықты музыкалық нөмірлер ұсынды. Оның ішінде ән, би, күй, терме болды. Шығармалар қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде орындалды.
Қазылар алқасы құрамында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмаз Нұрғалиев талантты жерлестерінің дарындарын одан әрі ашуға қолдау мен мүмкіндік алатындығын жеткізді. Байқауға қатысушылардың өнерлері бейнежазбаға жазылып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында да бағаланады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз