Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма сегіз жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық және кәсіби спорт түрлерін дамыту жолында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда спортқа баса назар аударылып, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.

Дана халқымыз «Тәні саудың - жаны сау» немесе «Бірінші байлық - денсаулық» деп бекер айтпаған. Себебі, салауатты өмір сүрудің алғы шарттарының бірі – спорттың адам өмірінде алатын орны, тәрбиелік мәні ерекше. Міне, осындай салауаттылықты басты ұстаным еткен аудан мектептеріндегі оқушылар бүгінде жетістіктерден кенде емес. Аудан мектептерінде тәрбиеленіп жатқан спортшыларымыздың алған асулары мен жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Осы орайда Көкпекті аудандық білім бөлімінің әдіскері Талғат Касаиновпен сұхбаттасып, әңгімеге тартқан едік.
- Көкпекті аудандық білім бөліміне 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап денешынықтыру және АӘД пәні бойынша әдіскер болып еңбек етудемін. Біздің жұмыс жүйеміз жыл басында бөлім басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен бекітілген жылдық жоспар құрылып, соның негізінде іске асады. Біздің бөлімнің қызметі мынаған бағытталған: спорт қозғалысын, салауаттылық өмір салты ұстанымдарын насихаттауға; спорт резервтері мен халықаралық дәрежеде спортшыларды даярлауға; республикалық және әлемдік спорт аренасында жоғарғы спорт нәтижелеріне жету.


Бізде маусымдық ойындар өтіп тұрады. Аудан мектептерінде хоккей, жеңіл атлетика, бокс, қоян-қолтық күрес, армрестлинг, футбол, баскетбол, волейбол тағы басқа ойындар жақсы дамып келеді. Атап айтсақ, көктем күз айларында "Altay Kids" атты облыс әкімінің жарысына қатысып, ШҚО облысы бойынша 4 орын иеленді. Халықаралық, республикалық облыстық спорт сайыстарында жүлделі орындарды алып келеді. Халықаралық деңгейде біздегі жақсы көрсеткіш қоян-қолтық, волейбол, еркін күрес, таэквондо бойынша айтулы чемпиондарымыз шығып келе жатқаны қуантады. Қазіргі таңда біз ұлттық спорттық ойындары асық ату, тоғызқұмалақ ойындарына көңіл бөлудеміз.
Биыл 31 қазан және 1-2 қараша аралығында ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған Х «Сәулетай» спорттық ойындарына қатысып қайтты. Аталмыш жарысқа 38 оқушы, 10 шақты жаттықтырушы барды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түсті. Біз жеңіл атлетикадан команда бойынша ІІІ орын алдық, жаттықтырушы Н.Растрига, қол күресінен Александр Лебедев ІІ орын, Феист Вадим ІІІ орын, Ринат Махмұтов ІІІ орын, Ұлпан Амангелдинова ІІІ орын, қазақша күрестен Заманбеков Абылайхан ІІІ орын алды.
Жалпы спорт жайлы айтарым осы. Сонымен қатар, мен мектептерде АӘД пәні бойынша жұмыстарды қадағалап отыратын әдіскермін. Бізде аудан мектептерінде 21 «Жас сарбаз» үйірмесі, 3 кадет сыныбы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Көкпекті орта мектебі, Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінде, 1 «Жас сақшы» клубы бар. Биылғы ашылған «Жас сақшы» клубының жетекшісі Ержан Өмірсерікұлы, осында олар құқық негізінде білім алады. Талғат Тұрсынов, Ержан Ғабитханов, офицер-жетекшілер еңбек етеді. Біздің мектепте спортпен қоса патриоттық тәрбие бағытында да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер де бар. Мысалы, соның бірі Көкпекті орта мектебінің «Жас Сарбаз» сынып оқушыларынан құрылған «Бүркіт» командасы «АЛАУ» облыстық əскери-спорттық ойынына қатысып, I орынға ие болды. Жарысқа қатысқан 20 команданың ішінен оза шауып жеңгені біз үшін өте қуанышты жаңалық, - деп сөзін аяқтады.
Әсіресе, тек ауданның ғана емес қазақ елінің көк байрағын көтеріп, намысын қорғап жүрген аудандық спортшыларымыз біздің мақтанышымыз.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, бүгінде спорт саңлақтарының қол жеткізген әр жеңісі ең алдымен оларды баптаған бапкерлері мен жаттықтырушыларының тынымсыз еңбегі екендігін ескеруіміз қажет.
Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында үздік нәтижелерге қол жеткізе алады. Және керісінше, спорттың даму деңгейі мен халықтың дене шынықтыруға деген немқұрайлылығы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ  

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз