Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегі күні Көкпекті жұртшылығы Оңтүстік Корея елінде күрес түрлері бойынша өткен әлемдік додаға қатысып келген жерлесіміз, Еуразия құрлығының қола медаль иегері, дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Өскен Төлеубековты қошемет, құрметпен қарсы алды. Осылайша спорт шебері Корея жерінде өзінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Жерлесіміз әлемдік сыннан жүлдемен оралды. Қазақ күресінен Оңтүстік Кореяның Чиханжу Сеул қаласында өткен дүниежүзілік жауынгерлік ойындарына қатысып, Өскен Төлеубеков күміс медальға қол жеткізді. 106 мемлекеттің спортшылары бақ сынасқан байрақты бәсекенің алғашқы күндері келген қонақтар үшін мерекелік кеш түрінде әрбір ел өз спорт түрлерін дәріптеу тапсырылды. Жарыс қыркүйек айының 3-5 аралығында өтті. «Қазақ күресі» бойынша Оңтүстік Корея елінде 30 мемлекеттің спортшылары белдесті. Бұл белдесуде Өскен 70 келі салмақ дәрежесінде үнді, швед, поляк елдерінің балуандарымен күресті. Ал финалдық бәсекеде қырғыз елінің спортшысымен белдесіп, ІІ орынды иеленді.


Оңтүстік Корея жерінен күміс медаль қанжылап қайтқан спортшыға құрмет көрсету салтанатты жиынында аудан әкімінің орынбары Марат Қапарұлы Теміржановқа сөз берілді.
- Құрметті жерлестер, спортшылар бүгін ауданымызда үлкен қуаныш. Өйткені спорт шебері Өскен Өркенұлы Оңтүстік Корея жерінде әлемдік жарысқа қатысып, еліміздің намысын қорғап келді. Өскеннің жеңісімен аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының атынан құттықтаймын, - деп тілегін білдірді. Құттықтау тілектерін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Қарлығаш Жабекова өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, спорт мектебі ұжымының атынан сыйлықтарын табыс етті.
Өскен әлемдік деңгейдегі жарысқа баруға демеушілік көмек көрсеткен ауданымыздың беделді азаматы Болат Миғражұлы Бекбердиновке, аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы Смаиловқа, алғашқы жаттықтырушысы Рүстем Нәдірбекұлы Ықыбаевқа, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры, Халықаралық дәрежедегі төреші Талғат Мәзібаевқа, өзінің ұжымына, отбасына, басқа да қолдау білдірген адамдарға өз алғысын білдірді.
Ол алдағы уақытта, яғни екі айдан соң әлемдік чемпионатта бақ сынайды. Ел абыройын асқақтатқан жерлесіміздің мерейі үстем болсын дейміз!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз