Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бірінші шілдедегі Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күнін барлық қазақстандықтар аса үлкен салтанатпен атап өтеді. Осынау халықтық мерейлі мерекеден қасиетті Көкпекті жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ. 

Бұл күні ұлттық дәстүріміздің, күй мен терме өнерінің айнасына айналған қазақтың қара домбырасы төрге шығарылып, құрметке бөленеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндесіп жатқан мерекелік шара
Көкпекті ауылындағы Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің жанында Балалар өнер мектебі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өтті. Осы жерде 300 ден астам мектеп оқушылары және мәдениет үйінің әртістері күмбірлетіп күй тартты Олардың орындауындағы «Жастар биі», «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлері Көкпекті ауылының жұртшылығына күй құдіретін, саз сиқырын жан жүрегімен түсіндірді.


Бұл күні ауданның әр түкпірінде ауылдарда домбыра аспабын ұлықтаған шаралар өтті. Ұлттық рухты көтеретін, сананы сілкіндіретін мұндай мерекеге арнайы келген Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бақытжанұлы Қойгельдин құттықтау тілегін білдірді:
- Бүгін рухани, ұлттық мерекеміз. Осы мерекемізбен аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының атынан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Ата-бабамыз ежелден осы домбырамен әнін асқақтатып, күйін күмбірлеткен. Әрдайым осы домбыраны үкілеп, киелі санап, төріне іліп қойған қазақтың сән салтанатында домбыра ерекше қастерлі дүние саналып, келіннің бетін де үкілі домбырамен ашқан. Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп жатырмыз. Шаңырақтарыңызда домбыра үні шалқып, ұлттық рухымыз жаңғыра берсін, мереке құтты болсын!-деді.
Ел қажетін ескерген Елбасының бұл бастамасы жылдан-жылға домбыра тойы мағыналық, мәндік тұрғыдан толығып, кемелдене беретіндігіне сенімдіміз. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше болды. Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймас. Домбыраны жанына серік еткен жандардың пікірлеріне құлақ түрсек:

Даурия Ахметжанова, Балалар өнер мектебінің педагог-ұйымдастырушысы:
- Ұлттық домбыра күні рухани жаңғыру жо-лындағы ұлттық мерекелердің біріне жатады. Өнерімізді өрістетіп, ұлтымызды біріктіретін домбыра дегенде еліміздің белгілі күйші-композиторлары еріксіз ойға оралады. Елдігімізді таныта отырып, күй, терме, ән өнерінің қалықтауында өзіндік рөлге ие болған домбыраның алар орны қашан да ерек. Алдағы уақытта да бабалардың мұрасы болған домбыра үні өшпесін. Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!

Айзере Жарқын, Алматы қаласы, №133 мектеп, 3 сынып оқушысы:
- Мен өзімнің жазағы демалысымда домыбра күні мерекесін Көкпекті ауылында өткізгеніме қуаныштымын. Көптеген күйшілер мен оқушылардың бірігіп орындаған күйлері маған қатты ұнады. Апайым Риза да күй тыңдағанды ұнатады, өзі де фортепианода ойнайды.Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Тұрсын Жәнібек, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейі, 4 сынып оқушысы:
- Домбыра күні мерекесін біз асыға күтеміз. Жетекшіміз Наурызхан Салтанаттың арқасында домбыраға деген қызығышулығымыз оянып, әр жылғы осы мерекені барынша қызықты өткізуге тырысамыз. Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Сәуле Маянова, Новатимофеевка орта мектебі, 10 сынып оқушысы:
- Жаңа мереке - Ұлы Даланы мыңдаған жылдар бойы мекен етіп, өр рухын мәңгі сақтаған ата-бабаларымыздың домбыраға деген құрметінің жалғасы. Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі жастарымыздың ұлттық өнерге деген ықыласына, домбыраға деген қызығушылығының артуына да игі әсер етеді.
Бақыт Нұрланқызы, Абай атындағы орта мектебі, 9 сынып оқушысы:
- Домбырамыздың қасиеті,маңызы зор. Өйткені бұл домбыра Қадыр Мырзаәлиев айтып кеткендей нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп бекер айтып кетпеген. Домбыра күніне мектебімізден 20 оқушы қатысып, Гүлмира Рахимова жетекшілік етіп келді. Домбыра жан серігіміз болған ұлтымыздың, ішкі сезімімізді білдіретін ол кезден бастап домбыраны биікке ұстап әкелген ата-бабамыз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз