Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11-14 сәуір аралығында таэквондо ИТФ - дан 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогына және Жастар жылына арналған IX Халықаралық «EKIBASTUZ OPEN-2019» турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты мен міндеттері Қазақстанда осы спорт түрін кеңінен насихаттау және дамыту, ИТФ таэквондодан спорт секцияларында оқу-жаттығу жұмыстарын ынталандыру, спортшылардың жарыс тәжірибесін жинақтау, Қазақстан спортшыларының спорттық шеберлік деңгейін арттыру, жастарды ИТФ таэквондо сабақтарына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, сондай-ақ ҚР құрамасына 2019 жылғы әлем чемпионаты кандидаттарын дайындау болып табылады.


Ауданымыздың намысын Бахыт Рахимовтың тәрбиеленушілері қорғады. Онда 11-13 жас аралығындағы таэквондашылар татамиде өнер көрсетті. Халықаралық, облыстық түрлі жарыстарда топ жарып жүрген үш жас кадет – Бексұлтан Маратов, Адам Ибрагимов және Ерасыл Бауржанов белдесті. Өздерінің салмақтарына қарай жұп-жұпқа бөлініп, белдескен олардың барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып, аянбай айқасты. Нәтижесінде Бексұлтан жүлделі екінші орынға ие болды.
Бахыт Ғазизұлының айтуынша, бұл турнир Қарағанды қаласында өтетін әлемдік біріншіліктің алдындағы іріктеу сайыстарына дайындық, сондай-ақ Шығыс Қазақстан құрамасына балаларды бекіту болып саналады.
Жаттықтырушы Екібастұз қаласында өткен жарысқа қатысуға қаржылай көмек көрсеткен балалардың ата-аналарына алғыс білдіреді. Ендігі кезекте спортшыларымыз мамыр айында Қарағандыда өтетін әлемдік біріншілік сайыстарына дайындық жаттығуларын бастап кетті.
Шаршы алаңға енді аяқ басқан жас таэквондышылардың болашағына сәттілік тілейміз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз