Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз айында Монғолияның Қобда қаласында Қобда аймағының әкімшілігі және сол жердің белсенді азаматтарының ұйымдастыруымен халықаралық айтыс өткен болатын. 6 жылда бір рет өтетін айтулы жыр додаға барлығы 28 ақын қатысып, бақ сынады. Айтысқа Қазақстаннан жеті ақын, Шығыс Қазақстаннан екі ақын қатысты. Ал, Көкпекті ауданынан жергілікті ақын Фархат Маратұлы барып келді.
Алты алашқа сауын айтқан жыр додасына өңкей кіл мықты, көмейінен жыр төгілген, атағы алашқа кеткен айтулы ақындар төрт айналым бойынша сайысты. Ақындар сайысқа жеребе бойынша шықты. Соңында төрт ақын іріктеліп, ұпай бойынша жеңімпаз анықталды. Қобдада болған халықаралық айтыс интернет желісі бойынша Facebook арқылы тікелей эфирде тартылды.


Енді міне, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыналған шаңды бәйгеден бабы да, бағы да жанып, қара үзіп келген ақындардың есімі де көпке белгілі болды.
Айтыстың бас жүлдесі сол Қобда аймағының тумасы, Астанадан келген белгілі ақын Құрмет Құралханға бұйырса, жерлесіміз Фархат Маратұлы бірінші орынды қанжығалап қайтты.Үнемі талпыныс пен ізденіс дайындығының арқасында, өз биігінен көріне білді. Фархат айтыста өте салмақтылықпен, сахна мәдениетін сақтай отырып, өлеңді шебер де шешен тілмен құрап, қарсыластарына есе жіберген жоқ. Айтыстың барлық талаптарын орындап, көрермен көңілінен шыға білді. Айтыскер ақын алтын медальмен, сертификатпен марапатталып және ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен бірге осы жолғы ақындар айтысына қатысқан барлық ақындар да тиісті жүлделерден құр қалмады. Фархат Маратұлының алғашқы қарсыласы Базархан, екінші Алламәди, одан кейін Серуен ақынмен ал төртінші айналымда Қазақстаннан барған Аңсаған деген ақынмен айтысыпты.
Фархат Маратұлының айтуынша, айтыстың ұйымдастыру шеберлігі өте жоғары деңгейде өткен. Сол жақтағы азғана қазақ айтыс өнерін өте қатты бағалайтын көрінеді. Айтысқа деген халықтың ықыласы өте керемет, тілге, дәстүрге деген құрметі жоғары деңгейде екені байқалды. Жалпы Монғолияда 150 мыңға жуық қазақ тұрады екен. Соның ішінен 30 шақты айтыскер ақын шыққан көрінеді. Айтыскер ақынымыз 18 наурызда болған айтысқа және 20, 21, 23 тағы бес айтысқа шақырту алып, уақыттары бір-біріне қатарлас болғандықтан тек соның үшеуіне ғана қатысуға мүмкіндігі болған. Қатысқан үш айтыстың біреуінен бас жүлде екеуінен І орынды жеңіп алды. Бағы жанған ақын ауданға бес бірдей жүлдемен оралды.
Жол қаражатына көмек көрсеткен ауданымыздың жеке кәсіпкері Алесандр Бойков, Астана қаласында тұратын Мақсұт Өмірханов деген ағаларымызға және рухани жағынан қолдау білдірген Бос уақыт орталығының ұжымына өз алғысын білдіреді. Облыстың ауданның намысын қорғап қайтқан айтыскер ақынымызға алдағы уақытта да айтыс өнерінде биік белестерді бағындыруды тілейміз.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз